Ұзақ уақыт бір тақырыппен шұғылдану
– мәдениетті үи�ренуге, контексті түсінуге
және/немесе сенімді нығаи�ту мен келісім орнатуға жеткілікті уақыт жұмсау.
Феминистік әдіснама
– зерттеуді феминистік тұрғыдан жүргізу. Зерттеу тәсілде-
рі әр түрлі болғанымен, бұл әдіснамаға жататын негізгі тәсілдерге сыни тұрғыдан
талдау, патриархалдық жаңсақ пікірлерден арылу, әлеуметтік өзгерістерге ұмтылу,
маргиналданған дауыс иелеріне көмек беру, сондаи�-ақ зерттеушінің ұстанымын мо-
и�ындау жатады.
Феноменология
– жеке адамның білімі мен тәжірибесі арқылы құбылыстарды зерт-
теу. Негізгі зерттеу нысаны – Әлеуметтік-тарихи контекст немесе объекті туралы
шындықты емес, құбылыстарды түсіну.
Фокус-топ
– нақты бір мәселені не мәселелерді зерделеу мақсатында қатысушылар
тобы арасында жоспарланған және басқарыла жүргізілетін талқылау.
Шектеулер
– жалпылама және ашылған жаңалықтың қолданысына ықпал етуі мүм-
кін жоспардың конструктивтілігі немесе шектеулері. Мысалы, шағын іріктеме көле-
мі немесе шектеулі адамдарға ғана жазбаны қарауға рұқсат беру.
Іріктеу ауқымы
– іріктеуден өтетін халық арасындағы әрбір адамды қамтитын
тізім.
Іргелі зерттеу
– жағдаи�ды жақсарту мақсатында емес, білімді кеңеи�ту мақсатында
жүргізілетін зерттеу.
461
Глоссарий
Достарыңызбен бөлісу: |