«Ойын бастаушыға доп беру»
Балалар 3-4 сап құрайды. Бірінші ойыншылардан 2–2,5 м жерде
ойын бастаушы қолына доп ұстап тұрады. Педагог барлық сап
ойыншылары үшін және бастаушы үшін сызық сызады (жіп
тастайды). Педагог белгі берген кезде ойын бастаушы сапта
бірінші тұрған балаларға доп лақтырады, ал олар допты қағып
алған соң, қайтадан ойын бастаушыға беріп өз қатарының
соңына барып тұрады (әрбір сап бірінің артынан бірі біртіндеп
бастапқы сызыққа қарай жылжиды). Саптың алдына басында
бірінші тұрған бала қайтадан тұрғанда ол қолын
көтереді – сол топ жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
28–30
Топтық жарыс қорытындысын шығарыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |