Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет487/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру
ақпан циклограмма, ақпан циклограмма, камила портфолио, Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1
алшы, тәйке, бүк, шік
деп аталады. Егер иіруші 
төрт бүк, не төрт 
шік, не төрт алшы, не төрт тәйке
түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі 
түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. 


218
«қазан»
Асықты 3 метр қашықтықтан тік нысанаға лақтырады. Бастапқы сызықтан 3 метр 
қашықтықта қазан (құрсау) болады. Белгі бойынша, әр топтың ойынға қатысушылары асықты 
қазанға лақтырады. Қазанға көп асық лақтырған топ жеңімпаз атанады.
«Омпы» 
«Омпы» (оңқа деп те аталады) – асықтың мұртынан не жамбасынан тұруы. Бұл ойынға 
2–10 бала қатысуға болады, тіпті ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ең алдымен 
арасы 20 қадам екі көн сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы екі асықтан тігеді. 
Тігілген асықтардың ортасына бір асықты мұртынан омпы тұрғызады. Ойнаушылар бірінің 
артына бірі, әркімнің өз кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақалармен омпыны 
ата бастайды. Егер кімде-кім омпыға тигізсе, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпыға 
тимей жанындағы асықтарға тисе, онда сол атқан асығын ғана алады. Кім ең көп асық ұтса, 
сол жеңімпаз атанады.
«Көн»
Бұл ойын үшін тегіс жер таңдап алынады, ортадан төрт бұрышты сызық сызылады. Сол 
төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың 
өзара келісімі бойынша көннен 4-5 м не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгілене-
ді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. 
Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен 
ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.
Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны сызықтан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жер-
ден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа 
тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара 
алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға 
тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға 
қатысушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет