Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет269/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Сәуле Досжан
297
Төртінші айға қарай іші өсіп, жұмыстағылар назар аудара 
бастады. Бір бөлмеде отыратын Нəзира деген əйел алдымен 
байқап:
–  Жария,  құттықтаймын  өсейін  деп  жатырсыңдар  ма? – 
деді. 
Өзі толып, іші шығып келе жатқан бұл не десін:
–  Рақмет, – деді  де  қаны  басына  теуіп,  ұяттан  қызарып 
кетті.  Онысын  өзі  іштей, «Менікі  неғылған  ұялу,  күйеуім 
бар, ары кетсе үшінші баласын туғалы жүр дер», – деп ақ тап 
қойды.
Бірде телевизор алдында демалып жатыр еді, ішінде кіш-
кентай  балықтың  жүзгеніндей  қимыл  сезілді.  Ана  жү ре гі 
езіліп, «Қимылдады!», – деп қуанып кетті. «Балапаным сол, 
анасының  ішінде  жүзіп  жүр», – деп  ойлап  қарнын  сипап, 
сүйсініп біраз жатты. 
Содан соң Айғанымға телефонмен «қызыңыз қи мыл да-
ды»  деп  хабарлады.  Оның  қуанышында  шек  жоқ,  тəт ті ле-
рін алып жетіп келді. Жарияны отырғызып қойып, дауыстап 
қы  зы  мен сөйлесті. Өзі жылап отыр. «Балапаным менің, əкең 
екеу  міз  де енді Сен барсың! Сен енді адам сияқты өмір сүре 
бас  та  дың.  Əке  шешеңді  қуанттың  сол  алғашқы  қи мы лың-
мен», – дейді. 
Жария  «Айғаным  да  баланы  жақсы  көргенде  «Балапа-
ным» дейді екен-ау», – деп таң қалды. Негізі екі əйелдің мі-
не зі нің көп қыры ұқсайды. Айғанымның күйеуін əлі көр ген 
жоқ, бірақ оның сөздеріне, сипаттағанына қарап неге еке нін 
Мақсұтқа ұқсатып қояды. 
Бір  күні  Айғаным  отбасылық  сурет  альбомын  көтеріп 
кел ді.  Екеуі  отырып  ұзақ  қарады.  Айғаным  таныстырып 
отырды.  Күйеуі  Жақсыбек  «Əлібеков»  деген  республикаға 
танымал  қаржыгердің  баласы  екен. «Су  аққан  жерімен 
ағады» дегендей заманның мына ағысында олар да əке ле рі-
нің  жолымен  қаржы  саласында  «ЫРЫСБАНК»  деген  банк 
құ рып ты. Айғаным болса елдегі ең үлкен облысты бас қар-


298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет