Бағдарламасы негізге алынды. Контент «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»


Әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін маңызды болып табылады



бет39/47
Дата13.01.2022
өлшемі159,42 Kb.
#111805
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
kontent koe 1 Турыспенбетова Светлана

Әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін маңызды болып табылады

Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл – мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).

Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.

  1. Сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы.

Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар:

  1. пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;

  2. кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді;

  3. зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).

Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет.

Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады, «Оқыту бағалау тәрізді» деген ұғым мен формативті бағалау қағидаты, білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді.

Бұл идеялар оқушыларды оқу мен оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.
6. Қосымша оқу материалдары
(Ескерту: контентке презентациялық, бейнелік, дыбыстық, анимациялық материалдар қосымша ұсынылған, жүктелген жағдайда осы 6-шы бөлімге файл аттары көрсетіледі)
7. Пән мазмұны бойынша қосымша тапсырмалар мен талқылау сұрақтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет