2. Электрвакуммдық шамдар.
Электрвакуммдық шамдар деп электрондық эмиссия құбылысының көмегімен вакуумде электрондар ағынын туғызып, оны басқаруды қамтамасыз ететін аспаптарды айтады. Электрвакуммдық шамның негізгі бөліктері: корпус, катод, анод, торлар, шықпалар. Электрвакуммдық шамдардың атаулары электродтардың санына байланысты.
Диод токты бір бағытта ғана өткізеді. Катоды - қыздырмалы, аноды-салқын. Кері бағытта шам ток өткізбейді. Диод - айнымалы токты түзету үшін қолданады. Триодта - анодпен катодтың ортасында тор орналасты-рылған. Тордың қызметі потенциалымен электрондар ағынын реттеп, басқару. Бұл үшін торға шамалы ғана потенциалды беру қажет. Триод- әлсіз сигналдарды күшейту үшін қолданылады. Тетродта – электрондар-дың үлкен энергияға ие болып, екінші реттік электрондық эмиссия құбылысын туғызады (динатрондық эффект). Бұл зиянды құбылыс, оны тордың пішінін таңдап, не тағы бір торды қосып, болғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |