Тақырыбы: Бірфазалық трансформаторларды сынау
Мақсаты: Тура жүктемелеу, қысқаша тұйықталу және бос жүріс әдістерін қолданып бір фазалы трансформатордың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу.
Тапсырма:
Тікелеу жүктеу әдісін қолданып трансформаторды сынау.
Қысқаша тұйықтау және бос жүріс әдістерін қолданып трансформаторды сынау.
Жұмыс реті:
1. Трансформатор құрылысымен танысу.
2. Аспаптармен және аппаратуралармен танысу, техникалық мәліметтерін жазу.
3. 8 суреттегі трансформатор сұлбасын жинау керек.
4. Схеманы және токты қосу арқылы трансформаторларды U –ға теңеп зерттеу.
5.Трансформатор қорытындысын анықтау
6. Реостат арқылы жүктемені 2- ші ретте тізбекте жоғарылатқан кездегі ток күшін есептеу керек.
7. Өлшеулерді кестеге жазу керек.
8. Жұмысты 2-ші рет қайталап жазу керек.
9. Өлшеулерге байланысты мына шамаларды анықтау керек:
P2= I2 U2 cos 2 ; cos 2 = P1/ I2 U1
10. 1 таблицаға қарап трансформатордың негізгі жұмыстық мінездемесін құрастыру керек.
11. Жұмысты қорытындылау.
Сұрақтар:
Бір фазалы трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
Трансформатордың орамдарында пайда болатын ЭҚК шамасы неге байланысты?
Трансформатордың бос жүріс режимі мен осы режимнің векторлық диаграммасы?
Қысқаша тұйықталу режимінің ерекшеліктері?
Жүктемеге қосылған трансформатордың векторлық диаграммасы?
Трансформатордың п.ә.к. қалай анықталынады?
Достарыңызбен бөлісу: |