Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.
Интериоризация- әлеуметтік әрекеттердегі меңгеру барысында баланың ішкі психикасының құрылымының өзгеруі.
Экстериоризация- ішкі психикалық әрекеттің сыртқы әрекетке ауысуы (тәртіп).
Ұжым- белгілі ұйымдар шеңберінде құрылған адамдардың қатынас жасайтын әлеуметтік-психологиялық тобы.
Тәрбие әдістері- тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің біріккен әркеттердің тәсілдері.
Сендіру- (әдіс ретінде) қоғамдағы, жеке адамның өміріндегі түрлі жағдайларды, фактілерді түсіндіру, көзқарасты қалыптастыру мақсатында оқушылардың санасына әсер ету жолы.
Жаттығулар- тәртіп негізінің тұрақтылығын орнату үшін көптеген қайталау әркеттер тәсілдерінің іске асуы.
Мақтау- оқушының тәртібінде, әрекетінде көрініс алған жақсы қасиеттерді мойындау, қолдау дұрыс бағалау.
Жазалау- тәртіп пен іс-әрекетке қарсы келетін қылықтарға сөгіс айту, теріс бағалау.
Көзқарас- адамның санасында әлемнің жалпы бейнесін айқындайтын және іс-әрекетін бағыттайтын философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, сенімдерінің біртұтас ғылыми жүйесі.
Азаматтылық- жеке тұлғаның интегративтік қасиеті. Оның саналы, белсенді азаматтық міндеттері мен борышын мемлекет, қоғам, халық алдында орындауы; өзінің азаматтық құқығын саналы пайдаланып, елдің заңдарына құрметпен қарап, орындауы.
Достарыңызбен бөлісу: |