Педагогтік білім беру - мұғалімнің арнайы педагогтік даярлығы.
Оқыту – нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әрекеті.
Оқу – оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективті әлемді танудың ерекше формасы.
Білім-объективтік дүниені бейнелетін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаииың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Білік – тәжірбеде игерілген білімдерді қолданудың меңгеру тәсілдері (айла-шарғылары, әрекеттері)
Дағды – автоматтық деңгейге жеткізілген практикада білімдерді қоданудағы жақсы жетілдірілген әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажеттіадмзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |