Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, «өлі табиғат» ұғымымен таныстыру. Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
Өсімдіктер әлемі.
Балаларды бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері. Гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл,барқытшөп) сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың көкөністер мен жемістер, ағаштар туралы түсініктерін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтарын тануға жаттықтыру.
Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.
Жануарлар әлемі. Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын қалыптастыру. Жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету.
Жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту.
Табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз) білімді жетілдіру.
Табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.
Табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізе білуді жаттықтыру.
Себеп-салдар байланыстарын орната білуді жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
- өлі табиғаттың кейбір құбылыстарын біледі;
- таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады;
- табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды және таниды;
- бөлме өсімдіктерінің 3-4 түрін тани алады;
- көкөністер мен жемістердің кейбір түрлерін дәмі бойынша атайды және таниды;
- суреттерден орман жидектері мен саңырауқұлақтарын таниды және атайды;
- бидай өсіру туралы түсінікке ие;
- нанға, адамдарға ұқыпты қатынас танытады;
- жануарлардың сыртқы келбет ерекшеліктерін атайды және сипаттайды;
- жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата біледі және атын атайды, құстардың пайдасы туралы біледі;
тірі табиғат мекендеушілеріне қамқорлық жасайды;
- себеп-салдар байланыстарын орната біледі.
- гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл, барқытшөп) өзіне тән белгілері бойынша атайды және таниды;
- Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атайды және ажыратады.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |