Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет31/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Әлеумет өміріне болжау жасай білудің қыр-сыры

2. Болжамдау немесе болжау

3. Лидердің психологиялық портреті, теориялары



Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №21. Публицистикалық болжаулау 

Лекция   мақсаты:  Публицистикалық   журналистикадағы   болжаулау

ерекшелігін айқындау.



Лекция   мәтіні. 1. Қай заманда болмасын публицистика мен журналистика -

тарихи үдеріс жемісі, әрі стратегиялық, әрі тактикалық қару. Жалпы тарихи

эволюция үздіксіз десек, қазақ тарихы да үздіксіз, біртұтас. Қазіргі күні тарих

идеологиялық   текетірес   құралына   айналды.   Ал   тарих   ұлттың   өзіндік

санасымен тікелей байланысты. Халықтың өзіндік санасы бұқара іс-әрекетіне

әсер   етер   пәрменді   фактор.   Біздің   ұлттық   тарихтан   айрылғанымыз

-даралықтан   айрылғанымыз   -   даралықтан   айрылғанымыз   -   иммунитеттен

айрылғанымыз, ұлттық даналықтан, ұлттық танымнан жұрдай болғанымыз.

Қорғанышсыз ел - құл ел. Осындай проблеманы шапшаң да сауатты шеше

алмайтын санаткерлер мен саясаткерлер орын алып отырған жағдайды әдейі

полижұртшылық алаңына шығарады. Ондағы үміті:   проблеманы әртектілер

диффузиялайды,   оның   ісігін   дискуссия   қайтарады,   ол   ешкімге   зардабын

тигізбей өз-өзінен тарап кетеді. Осы, кейінгі жылдары, біздің неотеоретиктер

ұлттық құндылықты қорғаушыларды консерваторлар, кертартпа топ өкілдері,

ел бірлігіне іріткі салушылар  деп   үркітуді үрдіске  айналдырып алды. Бұл

қате   де   зиянды   түсінік.   Олар,   қайта,   ұлтты   ұйыстырушылар,




тұтастандырушылар,   ал   елді   алатайдай   бүлдірушілерді   сырттан,   тек   өз

болашағына   алақтаған   іштегі   алакөздерден,   информациялық   экспансиядан,

блогосферадан   іздеген   жөн.   Блогосфера,   әлеуметтік   желілер   реті   келгенде

саяси   арандату,   ұлттық   мемлекетке   ықпал-әсер   ету   үшін   ұтымды

пайдаланылады.   Мәселен,   қазақ   тілі   туралы   заңға   байланысты 

«бостандықшыл»   интернеттің   шабынған,   тепсінген   пікірлер   легін

ұйымдастыру  науқаны  соның айқын дәлелі. Демократиялық Батыс, тарихи

тәжірибе көрсетіп отырғандай, қай салада болмасын, тек күш әлеуетін ғана

мойындайды.   Бет-әлпеті   репродукцияланған   елді   ешкім   де   сыйламайды,

ондай клондармен ешкім де санаспайды. Өзіндік «менінен» айрылған жұрт

информациялық,   саяси   және   экономикалық   қақпайлауға   көнбіс   те   иліккіш

келеді.   Осы   тұрғыдан   барлап-байқасаңыз,   Европадағы,   араб   дүниесіндегі,

Израильдегі,   саяси-экономикалық   дүрбелеңдерді   әлеуметтік   желілер,   сан

санаттағы блогерлер ұйымдастырып, бағыт-бағдар нұсқап, жол сілтеп отыр.

Мәселен, Египет блогері Асмаа Махфуз әлеуметтік желілер арқылы мыңдаған

адамды   митингіге   шақырып,   Каирдегі   Тахрир   алаңына   шығарды.

Европарламент   фракцияларының   көшбасшылары   «араб   көктемін»

ұйымдастырушы   Ахмед   әл-Зубаир   әл-Сануси   (Ливия),   Разан   Зайтунех

(Сирия),   Әли   Фарзат   (Сирия),   Мұхаммед   Буазизи   (Тунис)   және   Асмаа

Махфуз (Египет) сынды   бес «каһарманды» жазбай танып, оларға   Сахаров

атындағы «Ой-сана бостандығы» сыйлығын беру туралы апыл-ғұпыл шешім

қабылдап та үлгерді.

Қазіргі   қазақ   стандық   ақпараттық   кеңістікте   блогтық   жұтаң   тіл,   кибер   ой

жүйесі  жедел қалыптасып  келеді. Тіпті аса  бай, аса құнарлы қазақ тілінің

варианты   осы   деуге   сенгің   де   келмейді.   Сауатсыздық   пен   білімсіздіктің

көрінісін   іздесеңіз,   тап   қазір   блогосфераға   жүгініңіз.   Өтпелі,   уақытша

құбылыс   болса   да   қазіргі   Интернет   сауатсыздық   резервациясына,   шала

сауаттылардың дау-дамай, байбаламы мен бетжыртыс алаңына айналды. Ол -

индивидтер, жіктер, әлеуметтік топтар мәдениеті мен көзқарасының айнасы,

сонымен қатар писхологиялық терапия, тұрмыстық тауқыметтен, сыбағалы

мифологемадан   дистанциялық   тілдесу,   ақпарат   алмасу   арқылы   арылудың

әдісі.   Белгілі   бір   дәрежеде   көңілдегі   кірді   кетіру,   психологиялық   дерттен

емделу тәсілі. Интернет  -  ортақ тарихи талқының,  ортақ тарихи құлазудың

да көрінісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет