86
салғандарында, келешекте, әсіресе балалары оқуға колледжге
барғанда жеңілірек болған болар еді. Сӛйтіп, олардың активтері ӛскен
болар еді де, қиналмай шығындардың бір бӛлігін жапқан болар еді.
Ӛкінішке орай, кӛп жағдайларда үнемі ӛсіп отыратын шығындарды
жабу үшін, үй кепілдікке қойылып сауда алу құралы болады.
Осының бәрін жинақтап, қорыта айтатын болсақ, ең соңында
үйді сатып алушылық шешімі, инвестиция жасаудың орнына, кем
дегенде мынандай 3 қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтырады:
1. Уақыттың жоғалуы. Бұл уақытта басқа активтердің бағасы
кӛтерілуі мүмкін.
2. Капиталдың жоғалуы. Бұларды салымдардың басқа бір
түрлеріне салудың орнына, үйді ұстауға байланысты шығындарды
тӛлеуге кетеді.
3. Білімнің жоғалуы. Жұрттың кӛпшілігі үйді, үнемділікті,
зейнетақы қорларын ӛздерінің активтері, - деп есептейді. Оларда
инвестицияға қаржы болмағандықтан, ешқайда ақша салмайды, яғни
инвестиция жӛнінде білімсіз (қараңғы) болып шығады. Сӛйтіп, бұлар
«тәжірбиелі» инвесторлар бола алмайды. Ал ең жақсы инвестициялар
қашанда «тәжірбиелі» (бүл жӛнінде білушіліктері мол) инвесторларға
тиеді, содан кейін олар оны тәуекелге бармайтын, сақ адамдарға
қымбат бағамен сатады.
Менің оқымысты әкемнің қаржы есебі «егеуқұйрық жүгірісінің»
қатынасушыларына ұқсайды. Оның шығыстары табыстарына дәлме-
дәл еді, сондықтан онда активке инвестиция салуға ақшасы
қалмайтын. Соның салдарынан пассив (үй кепілдігінің тӛлемі,
кредиттік карточкалар бойынша қарыздар) активтен басым болатын.
Мына схема мың сӛзге тұрарлық.
Достарыңызбен бөлісу: