Басқару әдістері
Басқару әдістері қойылған міндетке жету үшін өндірістік ұжымға әсер етудің амалдар мен тәсілдерінің жүйесін көрсетеді. Басқарудың экономикалық әдістері қоғамды дамытудың экономикалық заңдарын қолдануға негізделген. Олар кәсіпорынның барлық өндірістік ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін экономикалық амалдарын қамтиды. Олардың құралы ретінде өндірісті жоспарлау, болжау, баға құру, қызметтің және өнімнің маркетингі, несиелеу мен қаржыландыру, қадағалау, есепке алу және талдау болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістерінің ең маңызды тетігі жұмыскерлердің еңбек ақысы болып табылады. Еңбекті ынталандырудың әртүрлі тәсілдері болады. Олардың барлығы да белгілі бір деңгейде экономикалық тиімділікті береді.
Басқару тәсілдері
1. Құқықтық – ұйымдастыру тәсілдері – бұл өкімет күші мен беделін анықтайтын тәсіл, яғни үкімдер, заңдар, бұйырықтар, жарлықтар және қаулылар.
Ал инфокоммуникация саласында – бұл бір-бірімен шиеленісіп жатқан және шаруашылық субъектіге кіретін республика желісінің қызметін іске асыратын нормативті-заңдылық базасын жасау болып табылады.
2. Экономикалық тәсілдер бұл адамдардың экономикаға және экономикалық қатынастарға қызығушылығын туындаған тәсілдер. Бұл тәсілдер салық, кредит (несие), таможенный, тарифтік саясат, еңбек ақыны төлеу жүйесі және жұмысшыларды экономикалық қызықтыру арқылы іске асады. Экономикалық тәсілді кәсіпорынның дәрежесіне қарайтын болсақ, коллективтің және жеке-дара жұмысшының өзінің міндетін орындау үшін ынталандыру және жауапкерлік шараларының жүйесін іске асыру.
3. Әлеуметтік-психикалық тәсілдер салаға және кәсіпорынға қолайлы, сонымен қатар әлеуметтік сфераларға психологиялық жағдай жасауға бағытталған. Осы тәсілдің мағынасы, еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік сферадағы құрылыс объектілері, жұмысшыларды сан-алуан әлеуметтік төлемдермен және жеңілдіктер қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |