Қызылша күтімі Мақсаты: инфекцияның таралуына жол бермеу, науқас балаға жайлы жағдай
ұйымдастыру, асқынулардың дамуын алдын алу
Шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына
ауру жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты « соңғы бөртпелер пайда
болғаннан 5 күнге» дейін оқшаулау
- Инфекцияның таралуына жол берілмейді
3. Науқаспен қарым- қатынас кезінде
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Қызылша вирусының ауа- тамшы жолмен
берілуіне жол берілмейді
4. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне
2 реттен кем емес ылғалды
жинауының жүргізілуін қадағалау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың
концентрациясы азаяды
- Ауа тазалығы қамтамасыз етіледі
5. Көзді қорғау режимін қамтамасыз
ету
- Қызылшада коньюнктивиттің дамуына байланы
сты жарықтан қорқу, ауырсыну синдромы азаяды
6. Аяушылықпен тамақтандыруды
ұйымдастыру
- Қызылшада катаральды құбылыстар, ауыз
қуысының кілегей қабықтарының болбырлығын,
Филатов- Коплик дақтары болады
7. Ауыз қуысының кілегей қабықтары-
ның тазалығын мұқият қадағалау
- Стоматит дамуының алдын алу
8. Екіншілік инфекциялануды
болдытпайтын жағдай жасау
- Екіншілік аллергия (екіншілік иммунодефицит)
фонында дамитын асқынулардың дамуына жол
берілмейді
Қызамық Мақсаты: инфекцияның таралуына жол бермеу, науқас балаға жайлы жағдай
ұйымдастыру, қызымық вирусының тератогендік әсерін болдыртпау.
Шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына
ауру жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты «соңғы бөртпелер пайда
болғаннан 5 күнге» дейін оқшаулау
- Инфекцияның таралуына жол берілмейді
3. Науқаспен жүкті әйелдердің қарым-
қатынасына жол бермеу
- Қызамық вирусы тератогендік әсерге ие, яғни
ұрықтың ақауларымен дамуына ықпал етеді
4. Науқаспен қарым- қатынас кезінде
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Қызамық вирусының ауа-тамшы жолмен
таралуына жол берілмейді
5. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне
2 реттен кем емес ылғалды жинаудың
жүргізілуін қадағалау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың
концентрациясы азаяды
- Ауа тазалығы қамтамасыз етіледі
891