Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок – аллерген әсерінен бірнеше минуттан кейін тез дамитын,
жедел түрдегі аллергиялық реакция.
Анафилактикалық шок дамуының негізінде антиген-антиденелі аллергиялық
реакцияның нәтижесінде дамитын
«мес»
клеткаларынан биологиялық белсенді заттардың
(ең алдымен гистаминдер) көп мөлшерде шығуы жатыр. Босап шыққан токсикалық
биологиялық белсенді заттардың әсері:
-
тамыр мембраналарының өткізгіштігін жоғарлатады, соның нәтижесінде шоктың
жедел клиникалық көрінісі дамиды;
-
АҚҚ төмендейді, соның салдарынан есінен танады, тахикардия, тері жамылғысының
бозаруы, жіп тәрізді пульс пайда болады;
-
Бронхоспазм, ауыр тыныс алу анықталады.Тыныс алу жетіспеушілігі белгілерінің
үдемелі өсуі: ентігу, көгеру, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |