Тұлға ұзындығын сантиметрлік лентамен өлшейді
(7 сурет). VII мойын
омыртқаның
6 сурет. Бас шеңберін өлшеу. 7 сурет. Дененің әрбір бөлшектерін өлшейтін нүктелер.
жоталы өсіндісі мен құйымшақ аралығын үлкен балаларды тұрғызып, кішкентай
балаларды бір бүйіріне жатқызып өлшейді.
Қол ұзындығы – бұғана мен III саусақтың ұшына (сырт жағынан) дейінгі аралық
бойынша анықтайды.
Иық ұзындығы – бұғана мен білек буынының үсті.
Білек ұзындығы – білек буыны мен III саусақтың ұшы.
Аяқ ұзындығы – үлкен ұршық пен табан аралығы (сырт жағынан өлшейді)
Сан ұзындығы – үлкен ұршық пен тізе асты шұңқырындағы көлденең сызық аралығы.
Балтыр ұзындығы – көлденең сызық пен тобық аралығы.
Иық шеңбері – төмен түсірілген қолдың жоғары үштен бір бөлігінде қолтық қуысы
деңгейінде өлшейді. Жақсы дамыған жерінде таспаны көлденең жүргізеді.
Сан шеңбері – бөксе тұсынан көлденең жүргізілген таспамен өлшейді.
Балтыр шенбері – балтыр етінің жақсы дамыған жерінен таспа көлденең жүргізіліп
өлшенеді.