а) оң жақ шегін анықтау; б) сол жақ шегін анықтау; в) жоғарғы шегін анықтау. 73 сурет .
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасын тікелей перкуссиямен анықтау Жүректің салыстырмалы шектерін анықтау үшін әуелі оң шегін, содан кейін сол
шегін, ең соңғы жоғары шегін тексеріп анықтап білу қажет. Жүрек тұйықтығының оң
салыстырмалы шегін табу үшін орта бұғана сызықпен 3-ші қабырға аралығынан бастап
төменге карай бауыр тұйықтығын анықтау қажет. Содан соң плессиметр бармақты тік
бұрып, бір қабырға жоғары оң шегіне параллель етіп қойып, төске қарай тақылдатып ұра
бастайды
(72 сурет). Дыбыстың тұйықтығын естігенде сырт жағынан көкірекке
белгі(нүкте) қою керек. Жүректің оң шегі оң жүрекшемен және оң қарыншаның шамалы
бөлігімен құралған.
Жүрек тұйықтығының сол салыстырмалы шегін анықтау алдында, жүрек ұшының
серпуін табу керек (ол салыстырмалы тұйықтықтың сол шегіне сәйкес болады, сол
қарыншамен құралған). Егер жүрек ұшының серпуін табуға болмаса, жүректің сол шектік
перкуссиясын 4-5-ші қабырға аралығында қолтық орта сызығынан бастап төске қарай
өткізеді
(72 б сурет). Плессиметр бармақты іздеген шекке қатар қойып жүрекке қарай
жылжыту керек. Себебі, сол жақтан ұрғанда жүректің артқы шегі анықталады.
Жоғардағыдай дыбыстың тұйықтығын естігенде плессиметр–бармақтың сырт жағынан
белгі қою керек.
Жүрек тұйықтығының жоғары шегін анықтау үшін плессиметр бармақты бірінші
қабырға аралығына сол төс маңы сызығында қабырғаға қатар қойып, төменге қарай
тақылдатып ұрады
(72 в сурет). Дыбыстың тұйықтығын естігінде, бармақтың жоғары
жағына белгі қояды.
44 КЕСТЕ