34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін
тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар
профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді
қамтиды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың
жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын
амбулаториялық-емханалық көмек;
3