бояудың аз бөлінуіне, біраз уақыт өткеннен кейін, қанда көп мөлшерде сақталып қалуына
байланысты, экскреторлық функциясын анықтайды. Көбіне бромсульфолеинді сынама
қолданылады. Ертеңгісін ашқарынға 1 кг дене салмағына 5мг есебінен бромсульфолеин-
нің 0,5% ертіндісін венаға жібереді. 3 және 45 минут еткен соң зерттеуге қан алады.
Қалыпты жағдайда 45 минуттан кейін ең көп болғанда, бояудың 5% қалады. Жаңа туылған
балаларда бұл көрсеткіш жоғарырақ болуы мүмкін. Бауыр паренхимасы зақымдалғанда
бромсульфамин қанда көп мөлшерде (15-100%) сақталып қалады. Бромсульфаминнің
қанда сақталып қалу пайызы бауырдың зақымдалуының ауырлық дәрежесіне тура
пропорционалды болады. Бауырдың жедел сары дистрофиясында бұл пайыз жүзге дейін
жетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: