Клиника. Асфиксияның негізгі клиникалық белгісі – тыныс алудың бұзылысы
немесе болмауы. Асфиксия дәрежесін Апгар шкаласы бойынша анықтайды. Қазіргі кезде
асфиксияны екі дәрежеге бөледі: орташа ауырлықта және ауыр дәрежелі.
Асфиксияның орташа ауырлықты дәрежесінде Апгар шкаласы бойынша 1-ші
минуттағы ұпайлар қосындысы 4-6 баллды құрайды, бірақ, 5-ші минутта сау балалардың
деңгейіне жетеді (8-10 балл).
Ауыр асфиксияда Апгар шкаласы бағалау бойынша туғаннан кейін 1 минуттан соң 0-
3 баллды құрайды және 5 минуттан кейін – кем дегенде, 7 баллды құрайды.
Апгар шкаласы бойынша бағалау туғаннан соң 1-ші және 5-ші минуттың соңында
жүргізіледі. Егер 5 минуттан соң суммарлы бағалау 7 баллға жетпесе, онда оны әрі қарай
әрбір 5 минут сайын көрсеткіш қалыпты жағдайға жеткенше 20 минут бойы жүргізу керек.
61 КЕСТЕ