Спонтанды (жедел) пневматорокс бронхиальды астманың сирек кездесетін
асқынуларының бірі болып саналады. Айқын тыныс тапшылығы, кеуде қуысының
зақымдалған бөлігінің ауруы, оның тыныс алудан қалыс қалуы, орталық көкірек
қуысының қарсы жаққа ығысуы, қорап реңді өкпе дыбысы байқалады. Пневмоторакс
туралы күдік туғанда рентгенография жасау керек.
Медиастинальды эмфизема және тері асты эмфиземасы бронхиальды
астманың асқынуларының сирек кездесетін түрі. Өкпе тканінің жыртылуы, ауаның интер-
стициальды тканға, одан әрі бронхтардың бойымен өкпе түбіріне, орталық көкірек қуысы-
на және мойын терісінің астына таралуынан пайда болады. Клиникалық белгілері шамалы
517
байқалады (басқанда крепитация байқалады) немесе тіптен болмайды, тек рентгенограмма
жасағанда анықталады. Кейде кеудесі ауырып, цианоз, коллапс байқалуы мүмкін.