Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет131/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Гистаминазалық вариант:

қанда гистаминазаның белсендiлiгi төмен, қанның гистаминопексия белсендiлiгi 
төмен, лизоцим титрi, комплемент, фагоциттер белсендiлiгi төмен;
Клиникасы.
Сәби өмiрiнiң алғашқы айынан-ак терi қабатының базданып, терiнiң өзi 
бозғылт, құрғақ болуы, ал басына гнейс-майлы себореялық қабыршақтар шығуы тән. 
Гнейстi нәрестелiк себорреядан ажырата бiлу керек; соңғысы туған соң 1-2-шi аптада 
көрiнедi, ол май бездерiнiң шамадан артық қызметiне байланысты («сәби тақиясы»). ЭКД-
дiң көрнектi белгiсiне бастағы, беттегi «сүт-кабық» (ол жылылыққа байланысты қызарып, 
кейiн бет терiсiнiң түлеуiне ұласады, салқын кезде азаяды), салмақтың дұрыс қосылмауы, 
кеуде мен аяқта эритематозды-папула және эритематозды-везикула тектес бөртпелер, 
строфулюс (қышитын, серозды түйіндер) жатады. 


229 
Бұндай ауруларда «географиялық тiл», созылыңқы конъюктивит, блефарит, ринит, 
тыныс жолдары қатарының обструктивтi синдромы, анемия, зәрде эпителиальдық клетка-
лардың молдығы (түлеу белгiсi), үлкен дәреттiң тұрақсыздығы сияқты көрiнiстер болады.
Ауруда iсiну, енжарлық, лимфатикалық-гипопластикалық диатез сипатына (iсіңкі 
habitus немесе арық, мазасыз, терiсi нәзiк, көзi жайнак, кiрпiктерi ұзын) және басқа нерв-
артриттiк диатезiне (М С. Маслов бойынша эретикалық habitus) ұқсас белгiлер байқалуы 
да мүмкін. 
ЭКД ағымы толқымалы, қайталамалы, көбiнесе емдәм бұзуға байланысты (бұл 
емшектегi баланың анасына да қатысты), алайда, бұған метеорологиялық факторлар, 
интеркурренттік аурулар, лямблиоз, дисбактериоз, алдын ала егу де себеп болуы ықтимал. 
2-ші жастың соңына таман ЭКД көрiнiстерi, әдетте, азаяды да, бiрте-бiрте жоғалады.
Лабораториялық көрсеткiштерi.
Қан – анемия, лейкоцитоз, эозинофилия, гипо- және диспротеинемия;
Зәр – бүйрек арықшалары эпителий клеткалары, шырыш, тұз көп.
Нәжіс – эпителиальды клеткалар, шырыш көбеюi;
Аллергиялық сынақтар оң (+): элиминациялық, скарификациялық, терiiшiлiк, 
тiластылық;
Иммунологиялық – дисиммуноглобулинемия, лимфоидты тiннiң функциялық белсен-
дiлiгi жоғарылауы. ЭКД бар бала гельминтоздармен сирек ауыратын көрiнедi (Папуа Гви-
неяның тұрғындары), бұны гомоцитотроптық қарсыденелер генерациясымен түсiндiредi. 
ЭКД бар баланың қанында аллергияның (эозинофилия), белок (гипо- және 
диспротеинемия, альбумин мен гамма-глобулин деңгейiнің азаюы, амин қышкылдары), 
май (гипохолестеринемия) және көмiрсу (гликемия) алмасуының бұзылыстары, ацидоз 
белгiлерi табылады. 
Диагнозы.
Әдетге қиын емес, бiрақ бала экземасы мен баска терi ауруларынан 
ажырата бiлу керек.
Шынайы экзема ЭКД-дiң экземалық көрiнiсiнен өзгеше: аурудың аллергиялық 
көрiнiсi анық, тұкым қуалайды; науқастың белгiлi тағамға аса жоғары сезiмталдығына 
байланысты оның аз мөлшерiнiң өзi ауру белгiлерiн қатты қоздырып жiбередi.
Кейде бұл екi ауруды ажырату қиынға соғады, сондықтан диагнозды бiраз уақыт 
бақылау жолымен ғана қоюға болады.
ЭКД-i бар балаларда бұған қоса рецидивтi инфекциялар болса, онда тұқым 
қуалайтын жолмен орайлас иммунитет кемiстiгi туралы, ауыр инфекциялық iшек 
бұзылыстары болса – экссудативтiк энтеропатия, iшек дисахаридазаларының кемiстiгi, ал 
психикалық даму кемiстiгi бар болса – фенилпирожүзiмдiк олигофрения, Кнапп-Комровер 
синдромы (тұқым қуалайтын ксантинурия) есте болуы қажет.
Емi.
ЭКД емiн тиiмдi тамактандырудан бастайды. Науқас белок, май, көмiрсу 
мөлшерiн жасына және тамақтану түрiне сай қабылдауы тиiс. Толық балаларға тамақ 
калориясын жеңiл, сiнiмдi көмiрсулар тағайындау есебiнен кемiтедi (ботқа, кисель, қант). 
Көмiрсудың аса көп мөлшерi ЭКД мен экзема ағымына қолайсыз. Экземасы бар балаларда 
терiдегi қант мөлшерi, сауларға қарағанда, 2 есе артық екенi анықталған. Тамақ майының 
(30% шамасында) бiраз мөлшерін өсiмдiк майымен алмастыру тиiмдi, ол қанықпаған май 
қышқылдарына (F витаминiне) бай.
Диатез ауруының рационында сiлтiлi тағамдар мол болып, ас тұзын шектеп, 
қосымша калий тұздарын енгiзу дұрыс. Анасының диетасынан (егер бала емшек еметiн 
болса) жұмыртқа, таңқурай, цитрус, шоколад, ащы шай, табиғи кофе, ащы iрiмшiк, 
татымдылықтар (қалампыр, бұрыш), консервi, колбасаны мүлдем алып тастау керек. 
Анасына диета тағайындағанда, баланын диатезi қай тағаммен байланысты (бiлiнiсi, 
асқынуы, кушеюi т.б.) екенi ескерiледi.
Аралас және жасанды тамақтанатын балаларға сиыр сүтiнiң мөлшерiн мейлiнше 
азайту керек. Ботқа мен көкөнiс пюресiн сүтпен емес, көкөнiс қайнатпасында дайындау 


230 
жөн. Сүт орнына балаларға кефир (айран), биолакт берiлгенi жөн, себебi, сүт ашығанда 
лактоальбумин (сиыр сүтiнiң нағыз аллергендiк белогi) бұзылады.
Диатездiң қайтымы ұзаққа созылса, әсiресе, сиыр сүтiне аллергия дәлелденсе, баланы 
миндаль, соя “сүтiмен” асырауға тура келедi. Бұндай балаларға қосымша, жасанды 
тамақтандыру ертерек, 4-4,5 айлығында енгiзiлуi тиiс, әсiресе, сiлтiлiк заттары молырақ 
көкөнiс пюресi тиiмдi. Егер ЭКД-i бар баланың тамағы тек табиғи болса, оған қосымша 
тамақ берудi, сау балаларға қарағанда, кешiрек енгiзген жөн.
Диатез емiнiң маңызды факторы – тамақты дұрыс витаминдеу. В
6
витаминiн 
(ксантурен қышқылына деген зәрдiң әсерiн байқай отырып) тәулiгiне 50-75 мг-нан бередi. 
Құрғақ экземада А витаминiн тағайындайды (1000 ХБ/кг 3 апта бойы), тек оның мөлшерi 
тәулiгiне 10 мың ХБ-тен аспауы керек. Ауру асқынғанда, коферменттер тиiмдi: 
кокарбоксилаза мен рибо-флавин мононуклеотидiн, соңынан тәулiгiне 100-150 мг кальций 
пантотенатын (В
5
); тәулiгiне 50-100 мг кальций пангаматын (В
15
), күнiне 25-30 мг 
токоферолды (Е витаминi) бiрiнен кейiн бiрiн беру керек. Айта кететiн жай, 
витаминдердiң ұзак емдiк курстарына аса елiктемеу керек, себебi С, В
1
, В
12
витаминдер 
мөлшерiнің көбеюi терiнiң аллергиясына әкелуi мүмкiн.
Көп жағдайда аллерген алиментарлық жолмен түсетiндiктен 10 күннен 
лактобактерин, бифидумбактерин және 3-4 күннен магний сульфатының ерiтiндiсi (2-5%, 
1 шәй қасықтан, күнiне 3- рет), полифепан дәрiлерiн қоса берген пайдалы.
ЭКД-де 7-10 күн бойы (бiрiнен соң бiрiн) антигистаминдiк дәрiлер кең қолданылады, 
бұлардың тек бiреуiн ұзақ пайдалану тиiмсiз. Ремиссия кезiнде гистаминдi тұрақтандыру 
үшiн гистаглобулин мен аллергоглобулин беру керек. Кейде басқа еммен бiрге Е-
аминокапрон қышқылын қолдану да пайдалы, ол қажеттi антибрадикининдiк, плазмин, 
трипсин және басқа кейбiр протеолитикалық ферменттердi әлсiздендiредi.
Диатез көрiнiсiнде шөп қайнатпасын қолдану да тиiмдi (киiкоты, қайың жапырағы, 
шайқұрай, қалақай т.б.).
Емнiң тиiстi түрi – терiнiң жарақаттанған жерiн емдеу. Емдi ерте, мүмкiншiлiгiнше 
терi жарақаты жайылып кетпей тұрып, бастау мәндi. Осы мақсатпен уақытылы базданған 
жердi тазартып, шомылдыру (суға емен қабығының, миндаль кебегiнің, танниннiң, 
итшоған кайнатпасын қосу) керек. Терi қатты суланған жағдайда түймедақ (ромашка), 
шәңгiш (калина) қосқан ваннаға шомылдырып, жағатын дәрiге тальк, мырыш тотығын 
қосып, кейiннен нафталин, Дорохов сұйықтарын араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет