Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет211/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына.
Аллергиялық аурулар байқалатын балаларға ауыз 
қуысының клегей қабатында және еріннің қызыл жиегінде әртүрлі патологиялық 
өзгерістердің (ауыз қуысының ісінуі, афтозды стоматит, десквамативті глоссит, 
эксфалиативті және экзематозды хейлит, клегей қабатының құрғауы, кандидозды 
стоматит) байқалуы тән. Бронхиальды астмада ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістер 
дәрілер, атап айтқанда ингаляциялық глюкокортикоидтарды, ұзақ қабылдау салдырынан
байқалады. Гормондық препараттар минералдық заттек алмасуын бұзып, тіс кариесінің 
дамуына ықпал етеді. Ингаляциялық емде кортикостероидтар клегей қабатына жергілікті 
негативті әсер етеді де, құрғақтануға, қозуына, геморрагиялық белгілердің пайда болуына, 
ащытқытәріздес саңырауқұлақтардың Candida ұрпағының өсуіне ықпал етеді. Жағымсыз 
әсерлердің пайда болуы мүмкін қауіптерін төмендету үшін міндетті түрде ингаляциядан 
соң аузын шаю, тамақ ішу, қажет болған жағдайда саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер 
қабылдау, стоматитті емдеу қажет. Егер бет перде пайданылатын болса, ернін, мұрынерін 
ұшбұрышын сүрту, сонымен қатар ингаляциялық препараттарды жеткізетін арнай 
жабдықтар (спейсер, небулайзер) қолдану қажет. Одоногенді инфекциялардың ошағы 
болуы организмді қосымша сенсибилизациялауы мүмкін, сондықтан аллергиялық аурулар 
байқалатын балалар мен жасөспірімдер ауыз қуысын ұқыпты санациялауды және 
стоматологиялық аурулардың тиімді алдын алу шараларын ұқыпты жүргізуді қажет етеді.


348 
Бронхиальды астмамен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді зерттеу барысында 
әртүрлі гингивиттер (катаральды, гипертрофиялық, жаралық-некротикалық, пародонтит) 
анықталады. Пародонт тіндерінің ерекше айқын өзгерістері базисті емі ұзақ уақыт 
кортикостероидтарды 
қабылдау 
нәтижесінде 
организмнің 
жалпы 
иммунорезистетнтілігінің төмендеуіне және жергілікті арнаулы емес қорғаныс 
(секреторлық Ig A, лизоцим) факторларының жеткіліксіз түзілуіне әкелетін бронхиальды 
астманың ауыр түрі байқалатын балаларда анықталады. Пародонттың қабынулы 
ауруларының патогенезінде пародонт және ауыз қуысы клегей қабаты тіндерінде 
микроциркуляциялық өзгерістердің байқалуы маңызды орын алады. Пародонттың қанмен
қамтамасыз етілуінің нашарлауы нәтижесінде метаболизм процесстері баяулайды да, 
тіндер гипоксиясы пайда болып, олардың функциясының бұзылуының үдеуіне әкеледі.
Аллергиялық патологиялар байқалатын науқастарда ауыз қуысының клегей қабатының
және еріндердің құрғақтануы слекей бездерінің түзу фунгкциясының төмендеу 
салдарынан, атап айтқанда қызмет атқаратын кішкене слекей бездерінің мөлшерінің 
(санының) азаюына, слекей бөлу жылдамдығының төмендеуіне, ауыз қуысы 
сұйықтығының тұтқырлығының артуына, слекейдің құрамының өзгеруіне байланысты. 
Бронхиальды астмамен науқас балаларда ауыз қуысының клегейінің құрғақтануы және 
қозуы бронхты кеңейтетін, әсіресе аэрозоль түрінде, дәрілер қолдану салдарынан болуыда 
мүмкін.
Ауыз қуысының клегейінің жағдайына бронхоспазм мен мұрынмен тыныс алудың 
бұзылуыныңда жағымсыз әсері бар. Бала аузымен дем алғанда, жылы және ылғалды 
ортаға үйренген клегей қабаты құрғайды, төмен температураның, күн сәулесінің және т.б. 
әсеріне душар болады.Бұл, эксфолиативтіге ауысып кетуі мүмкін , метеорологиялық 
хейлиттің дамуына әкеледі. Еріндердің тығыз жабылуы қамтамасыз етілмейтін 
болғандықтан, ауыз бұрыштарында, теріге және еріндердің қызыл жиегіне үйреншікті 
емес, тұрақты ылғалдылық байқалады да, эпителияның мацерациясына әкеледі. Тері мен 
еріндер қызыл жиегіне бірдей жағдай жасалғандықтан, олардың ұсақ жылғаларының 
суреті арнайы қасиеттерін жойып, екуі бірдей болады да , арасындағы шекара жойылады, 
ауыз бұрыштарында сызат пайда болады, созылмалы ангулярлы хейлит 
дамиды.Стоматологиялық 
процедураларға 
дайындық 
және 
жасау 
кезінде 
анафилактикалық шок, есекжем, Квинке ісігі, бронхиальды ұстамасы сияқты аллергиялық 
реакциялар дамуы мүмкін.
Процедураларды жасау алдында дәрігер баланың ата-анасынан қосарланған 
аллергиялық аурулар, бұрын дәрілерге байқалған аллергиялық реакциялар туралы ұқыпты 
сұрастырып алуы керек. Жиі ем үшін жаңа дәрілер қолданылады, олардың өзіндік 
аалергиялық реакциясы болуы мүмкін. Ем жүргізетін дәрігердің қол астында әруақытта 
жедел аллергиялық реакция байқалағанда шұғыл көмек көрсету үшін антигистаминдік 
және гормональды парентеральды препараттар болуы қажет.
9. ЖҮРЕК - ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ 
9.1. БАЛАЛАРДЫҢ ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ

Жаңа туған балаларда туа болатын жүрек ақауларының жиілігі Европа елдерінде 7% 
құрайды. Олардың ішінен хирургиялық емдеусіз алғашқы бірінші жылы 50%, ал 5-жасқа 
дейін ауру балалардың 30% жуығы қайтыс болады. 
Туа болатын жүрек ақауының /ТБЖА/ патогенезін түсіну үшін оның ұрықтық даму-
ын және ұрықтық қан айналысынан туғаннан соң ұрықтан тысқа алмасу ерекшеліктерін 
білу қажет. Жүректің дамуы ұрықтық 2-ші аптасында басталады. Жүрек ақауы жүктіліктің 


349 
2-3-ші аптасында эмбриогенездің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады немесе тұқым 
қуалау арқылы пайда болуы мүмкін. Олар аутусомды-рецессивті жолмен әр түрлі 
экспрессивті гендермен тұқым қуалайды. Пробанда ата-аналар үшін 1,7-2,75% ауру 
балаларының өлу қаупі дәлелденген. 
Ата-аналардың жасының да, үлкен маңызы бар. 35 жастан асқан аналарда жүректің 
туа болатын ақауымен туылатын балалар жиі кездеседі. Туа болатын жүрек ақауларының 
себептері: 
1. Жүрек дамуының тоқтауы туралы теория. 
2. Сифилитикалық (мерездік) теория. 
3. Аяғы ауыр әйелдердің тамақтануының өзгеруі. 
4. Химиялық, сәулелік, физикалық факторлардың әсері. 
5. Алкоголизм (ішкіштік). 
6. Аяғы ауыр кезде, әсіресе оның І-ші жартысында, анасының кейбір науқастармен 
(тұмау, қызамық, жұқпалы паротит және т.б.) ауруы. 
7. Созылмалы интоксикация (улану). 
8. Тұқым қуалауға бейімділік. 
Қазіргі уақытта патофизиологиялық себептері бойынша құрастырылған және үлкен, 
кіші қан айналымдарының гемодинамикасының бұзылуы бойынша бөлінген, туа болған 
жүрек ақауларының Мазо және И.Ф. Ширяева толықтырған жіктелісі қолданылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет