Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет232/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Алғашқы (бірінші реттегі)
профилактика ревматизмнің пайда болуына қарсы жүргі-
зілсе, екінші реттегі алдын-алу жұмыстары оның қайталап соғуына қарсы бағышталған. 
Бірінші реттегі (алғашқы) ревматизмнің алдын-алу жұмыстары баланың табиғи 
қорғаныс мүмкіндіктерін (иммунитетін) көтеруге бағышталған (шынықтыру, жұмыс пен 
демалыстың ретін дұрыстау, тиімді тамақтандыру, поливитаминдерді, аскорбин 
қышқылын беру). 
Екінші реттегі алдын алу.
Бұл мақсатпен әсері ұзартылған пенициллинді дәрілер 
қолданылады: бициллин-3 және бициллин-5.
Бициллинопрофилактика мерзімді
және 
жыл бойлық
болып бөлінеді. 
Мерзімдік – 3-6 апта бойына 7 күнде бір рет мектеп жасына дейінгі балаларға 600 
000 бірлік, мектеп жасындағы балаларға 1 200 000 есебінен ацетилсалицил қышқылы 
беріледі. 


386 
Жыл бойы профилактикасында бициллин-5 қолданылады. Оның әсері 3-4 апта бойы 
сақталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға 2-3 аптада бір рет 750 000 бірліктен, мектеп 
жасындағы балаларға 1 500 000 бірліктен 4 аптада бір рет етке егіледі. Күзде және 
көктемде әр жасына 0,1г есебінен (бірақ тәулігіне 1г-нан артық болмауы керек) 4-6 апта 
бойына ацетилсалицил қышқылы қолданылады. 
Жүрек ақауы құралмаған немесе жүректе айқын өзгеріссіз, хорея бар алғашқы 
ревмокардитте, ұстамадан кейін 3 жыл бойы алдын-алу жұмыстары, содан кейін 2 жыл 
бициллин және ацетилсалицил қышқылына мерзімді алдын-алу жұмысы жүргізіледі. 
Жүрек ақауы пайда болған хорея бар созылмалы енжар және үзіліссіз қайталама дамыған 
алғашқы ревмокардитте және қайталама ревматизммен ауырған барлық балаларға жыл 
бойы алдын-алу жұмыстары 5 жыл қатар жүргізіледі. 
Бициллинді егер алдында толық және ұқыпты түрде аллергологиялық мағлұматтар, 
әсіресе пенициллинге аллергиялық реакцияның бар жоғы туралы жинау керек. Егер ондай 
мағлұмат бар болса, бициллин жасауға болады. 
9.3. РЕВМАТИКАЛЫҚ ЕМЕС КАРДИТТЕР 
Ревматизмдік емес кардиттер – 
жүректің бейарнамалы инфекциялық-қабыну 
аурулар тобы.
Бұнда патологиялық процесс, әдетте жүректің үш қабатынада (эндокард, 
миокард, перикард) тарайды. Миокардтің қабынуының клиникалық белілері, әдетте басым 
болып келеді, сондықтан көбіне «миокардит» деген термин қолданылады. Осыған орай 
педиатрияда «кардит» деген термин қолданылады. Аутопсиялық мәліметтер бойынша кар-
диттер балалар арасында, үлкендерге қарағанда, көбірек тараған. Кардиттердің ауыр түр-
лері ерте жастағы балаларда жиі кездеседі. Кенеттен өлген балалардың ішінде кардиттер 
17-21% құрайды. Кардиттер саны вирустар инфекциясы эпидемиясы кезінде арыта түседі.
9.3.1. МИОКАРДИТ 
Миокардит – 
жүрек бұлшықетінің инфекциялық немесе инфекциялық емес 
қабынулық зақымдалуы.
Миокардит туралы күмән кезкелген балада, туа біткен ақау жоқ 
жағдайда, жүрек жетіспеушілігі белгілері пайда болғанда, әсіресе сәйкес емес тахикардия 
байқалғанда және\немесе ентігу, сонымен қатар жүрек ұшының соғуы әлсірегенде және 
гепатомегалия байқалғанда туады. 
Этиологиясы.
1
. Инфекциялық факторлар
(балалардың көбінде байқалады). 
Вирустар – 
коксаки В (ең жиі кездесетіні), Коксаки А, ЕСНО-вирустар, 
аденовирустар, грипптің вирустары, ұшпа, цитомегалия, жәй герпес, адам 
иммундықтапшылық вирусы және басқалар. 
Бактериялар – 
күл, иерсиниоз, стафилококктық инфекция және басқалар. Бактерия-
лық миокардиттер балаларда сирек байқалады, әдетте 5–6 жастан кейін байқалады. 
Вирусты-вирусты және вирусты-бактериальды ассоцияцилар 
миокардиттің ең жиі 
кездесетін этиологиялық факторлары болып келеді.
Басқа инфекциялар
: микоплазмалық инфекция; риккетсиоздар (тиф-сүзек); 
саңырауқұлақтық 
инфекциялар 
(актиномикоз, 
гистоплазмоз 
және 
басқалар); 
қарапайымдар инфекциясы – трипаносомоз (Шагас ауруы), токсоплазмоз және басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет