Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет241/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Метаболизм мүкістіктері
– тұқым қуалайтын аурулар, электролиттік бұзылыстар 
және басқалар. 
Нерв, эндокрин, тамаққортыу, тыныс және басқа жүйелердің аурулары
.
Инфекциялар
(әдетте, вирусты).
Токсикалық әсерлер
– дәрілер және басқалар. 
Хирургиялық араласулар
– негізінен жүрекке және ірі тамырларға. 
Патогенезі.
Ырғақтың және өткізкіштіктің бұзылуы жүректің негізігі функциялары-
ның – автоматизмнің, қозудың, рефрактерлігінің, өткізгіштігінің және жиырылуының 
бұзылуына байланысты пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыстардың дәрежесі 
байланысты: 1) негізгі ауруға; 2) бұзылыстардың сипаты мен айқындылығынын; 3) 
патологиялық процесстің ағымының ұзақтығына. 
Жіктелісі.
Бұл бұзылыстарды бөледі: 
- ырғақ пен өткізгіштіктің ф ункциялық бұзылыстары: 1) жүректің зақымдалуының 
белгілерінің болмауы; 2) гемодинамикалық бұзылыстардың болмауы; 3) тұрақты 
сипаты; 4) қатерсіз ағымы; 5) субъективті сезімнің төмен болуы. 
- ырғақ пен өткізгіштіктің органикалық бұзылыстары: 1) жүректің зақымдалу белгі-
лері; 2) гемодинамикалық бұзылыстар болуы мүмкін; 3) өткінші сипаты; 4) қарқынды 
немесе қарқынды емес ағымы; 5) шағымдарымен клиникалық белгілерінің болуы. 
Электрокардиографиялық көрсеткі штер н егі зінде
кейбір аурулар мен 
жағдайларды ажыратады:


396 
- экстроси столия. 1) қарыншаүстілік экстросистолалар, 2) қарыншалық экстросисто-
лалар;
- т ахикардия: 1) тар QRS кешендерімен (қарыншаүстілік тахикардия), 2) жалпақ QRS 
кешенімен (қарыншалық және қарыншаүстілік тахикардия); 
- брадикардия: 1) ырғақты жүргізушіні зорландыру, 2) импульстің өтуін блокадалау. 
- күрд елі немесе қосарл анған бұзылыстар – синустық түйіннің әлсіздігі синдромы, 
атриовентрикулярлы диссоциация, парасистолия және басқалар.
Клиникалық көрінісі.
Шағымдары:
жүрек соғу, жүрек ырғағында үзілістердің 
анықталуы, жүректің тына қалуы, әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы, бастың 
айналуы, синкопальдық жағдай, ентігу, бозғылттықтың немесе шеткі цианоздың 
эпизодтары және басқалар. 
Негізгі аурулардың көрінісі. 
Жүрек жетіспеушілігінің белгілері
(білінбеуден айқын дәрежеге дейін). 
Диагностикасы.
ЭКГ
-
жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарын анықтауда ең 
негізгі әдіс болып келеді.
ЭКГ қосымша сынамалармен

-
симпатикалық тонусты төмендету үшін
– ваготропты тәсілдер (ересек балаларда –
Вальсальва сынамасы, ұйқы артериясын бір жағынан сипау; кішкене балаларда – бетін 
салқын суға батыру немесе маңдайына 20-30 секундқа мұз салған қапшықша басу, 
тілдің түбірін қоздыру, тоқ ішекке термометр енгізу); 
-
симпатикалық тонусты артыру үшін
– мөлшерленген физикалық салмақ; кейде 
атропиндік сынама (0,02 мг\кг б\етке).
-
Холтер бойынша
ЭКГ-ні тәуліктік мониторингтау
– аритмиялардың сирек кездесетін 
ұстамаларында. 
 
Электрофизиологиялық зерттеулер 
– емнің тиімсіздігінде және өміріне қауіп 
тудыратын ырғақтың бұзылыстарында. 
Негізгі ауру бойынша кешенді зерттеулер

Ажырату диагнозы. 
Тыныстық аритмия (сау балаларда жиі кездеседі) 
парасимпатикалық әсердің басым болуынан болып келеді. Синустік аритмия тынысты 
ішке тарту кезінде тоқтатқанда және физикалық салмақ түскенде жойылып кетеді. 
Ем 
жүргізбейді.

Ригидті синустық ырғақ (R-R арақашықтығының айырмашылығы 0,02 секундтен 
аспайды) балалар жүрегінде патологиялық өзгерістер бар екендігінің (жиі кардиттерде 
байқалады) куәсі болып келеді. 
Қарыншаүстілік ритм жүргізушінің миграциясы тек ЭКГ жасау нәтижесінде (Р 
тісшенің түрі мен бағыттылығының өзгерімпаздығы) ғана анықталады. Кейбір балаларда 
ЭКГ-де алмастырушы (жайлатылған) эктопиялық ритмдер (әдетте жүрекшелік) анықтауға 
болады. Бұл жағдайды, әдетте ваготонияның білінуімен (егер олар физикалық салмақтан 
кейін жойылса) байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет