Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет313/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

-
 
тек айқын, тұрақты гипертензияда гипотензивті препараттар тағайындалады 
(нифедипин 0,05-0,5мг/кг 2-3 рет тәулігіне; каптоприл 0,05-0,4мг/кг 2-3 рет тәулігіне).
Гиперкалиемия болмаған жағдайда, 
диуретикалық ем
хлорлы калиймен бірге 
тағайындалады. Анық гиповолемияда, көлемді ісіктер болғанда полиглюкинді, сосын 
лазиксті, тамыр арқылы жіберу керек. Мұндай кезде алдын ала 2,4 % эуфиллин ерітіндісін 
тамырға жіберген жөн.
Гиперкалиемияны жою үшін, тамырға тамшылатып, 100-200 мл 10% глюкоза 
ерітіндісін, инсулин араластырып, жібереді. Гипертензия болмаса 4% натрий 
бикорбанатын жіберуге болады. 


497 
Артериялық гипертензияда гипотензивті /резерпин және раунатин/ дәрілер беріледі. 
Емдеуі 0,1 мг-нан басталады. Емдік әсері 2-6 күннен кейін басталады. Жедел ГН кезінде 
диетотерапия, белгілерінде сай ем, аурудың алғашқы аптасында антибиотиктер 
қолданылады. 
Жедел гломерулонефриттің циклдік дамуында 9-11 ай бойына активті 
патогенетикалық емді, өзінен-өзі сауығу клиникалық белгілерін күтіп, кейінге қалдырады. 
Гломерулонефриттің гематурия немесе гипертония байқалатын нефротикалық 
синдромында емді жедел ГН басталғаннан кейін 1-2-3 ай бойы жүргізу керек. 
Гломерулонефритпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау. 
Диспансерлік бақылаудың
негізгі мақсаты қайта өршуге соқтыратын жағдайлардың 
әсерінен сақтау, өршу белгілерін ерте анықтап, созылмалы бүйрек жарамсыздығының 
алдын алу үшін уақытында ауруханаға емдеуге жіберу болып табылады. Диспансерлік 
бақылауды участкалық балалар дәрігері, бөлімше меңгерушісінің басшылығымен, маман 
нефрологтың ақыл-кеңесі бойынша, жүргізеді. Гломерулонефритпен ауырған баланы 
жүйелі бақылау толық тексеруден /қалдықты азотты, креатинин және мочевина мөлшерін, 
эндогенді креатинин клиренсин қамтиды /кестені қара/. Тексергенде, науқастың шағымын 
анықтайды, көңіл-күйін бағалайды, аурудың негізгі белгілерін /ісіну, қан қысымы, зәр 
өзгерістері, бүйрек қызметі/ анықтайды. Сонымен қатар, созылмалы инфекциялар 
ошақтарын емдеп, тазалайды. Тонзиллоэктомия қажет болса, клиникалық белгілері 
жойылғаннан кейін 3-4 аптадан кейін, ал баяу /енжар/ дамыған түрінде – 3-4 айдан кейін, 
анибиотиктермен емдеу кезінде жасайды. Жедел гломерулонефритпен ауырған балалар 
ауруханадан шыққасын, зәр тексермелері қалыптасқаннан кейін, 3-4 аптаға дейін 
мектептегі сабақтан босатылады, мектепке дейінгі мекемеге жіберіледі. Ағымы созылып 
кеткенде, мектепке дейінгі мекемеге жібермеу 8 айға дейін созылуы мүмкін. Бұндай 
жағдайда, салмақты шектеп, оқытуды үйде ұйымдастырған жөн. Мектепте физикалық 
салмақты шектен, дене тәрбиесінен босатып, қосымша күндіз 1,5-2 сағат демалыс беру 
керек. Мүмкіндігінше салқыннан, тоңазудан сақтау керек. Жыл бойынша ас тұзы 
шектелген /ас тұзысыз дайындалады/, ащы қоспаларсыз диета тағайындалады. Науқас 
диспансерлік есептен шығарылғанша алдын-ала егу жүргізілмейді. Жаңа аурулармен 
/интеркурентті/ ауырғанда – төсектік режим, антигистаминды дәрілер, қажет болса 
антибактериальды ем тағайындалады. Антибиотиктер 7-10 күнге тағайындалады. Егер 
ауруханада науқас көп мөлшерде кортикостероидты гормон қабылдаған болса, тәулігіне 
15-30 мг/жасына байланысты/ преднизолон берген жөн. 
Антибактериальды терапия
. Бір апталық үзіліспен 8-10 күн бойы 2 курс 
антибиотикотерапия жүргізеді (жартылай ситетикалық пенициллиндер, макролидтер 
т.б).Созылмалы инфекциялық ошақтар, интеркурентті аурулар болған кезде кезеңдік 
антибиотиктер тағайындайды(бициллин).
Витаминотерапия
(В1, В2, С, рутин, В6, А, Е орташа емдік мөлшерде).
Инфекция оқтарын консервативті санациялау.
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын балаларды тексергенде гипертомия 
гематурия, бүйрек қызметінің бұзылыстары анықталса, ауруханаға жіберу керек. Егер 
ауруханадан сақтау /қолдау/ емімен шығарылған болса – 2 ай сайын бақылап, 
тексермелерін уақытында жасап отыру керек. Иммуносуприсивті және қабынуға қарсы ем 
алатын балалардың қанын аптасына бір рет тексеру, ол антикоагулянттар фенилин берілсе 
аптасына 1-2 протроминді индекс анықтау керек.
Асқынуынулар
: анурия, экламсия және жүрек жетіспеушілігі. 
Болжамы:
ЖГН кезінде қолайлы. 89-91% жағдайда жазылу болады.
Алдын алуы:
Созылмалы инфекциялық ошақтарды уақытында тазалау. 
Диспансерлік бақылау.
ЖГН-пен аурғаннан кейін 5 жыл бойы диспансерлік бақылау 
жүргізіледі. Дәрігер науқастың қан қысымы мен зәр анализіне талдау жүргізеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет