Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет433/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникалық тәжрибеде
балалар жұқпалы ауруларын А.А. Колтыпин ұсынған қағида 
бойынша түріне, ауырлығына, ағымына байланысты бөледі.
Аурулар түріне қарай типті немесе типті емес (атипті) болып бөлінеді. Типті
ау-
руларға осы ауруға тән алғашқы клиникалық белгілері мен синдромдары бар аурулар жа-
тады. Мысалы, көк жөтелдегі реприздер, шигеллездағы тенезмдер мен колиттік синдром.
Типті емес түріне алғашқы өзіне тән клиникалық белгілері жоқ түрлері жатады. 
Бұл түрлері көмескі және инапарантты (субклиникалық) болып бөлінеді. Көмескі түрінде 
клиникалық белгілері баяу пайда боладыда, тез жойылып кетеді. Мысалы, вирусты 
гепатитте сарғыштық баяу пайда боладыда, 1-2 күнде тез жойылып кетеді. 
Аурудың типті түрі ауырлығына қарай жеңіл, орташа ауыр, ауыр болып бөлінеді.
Жұқпалы аурудың ағымын оның сипатына және ұзақтығына қарай ажыратады. 
Ағымы сипатына қарай тегіс, асқынбаған, қозу немесе қайталаусыз (рецидивсіз) немесе 
тегіс емес, қайталап қозумен және асқынумен болуы мүмкін. 
Аурулардың ағымының ұзақтығына байланысты жедел (1-3 айдан артық емес), 
жеделдеу (4-6 айға дейін) және созылмалы (6 айдан ұзақ) болып бөлінеді. Қозу –
патологиялық процесстердің клиникалық белгілері баяулаған кезде осы ауруға тән 
клиникалық белгелерінің қайта күшеюі. Рецидив (қайталау) – негізгі кешендік белгілер 
жойылып кеткеннен кейін, олардың қайтадан көрініс беруі. 
20.1. Қ Ы З Ы Л Ш А 
Қоздырғышы – РНК – вирус (polinosa Morbillivirus Paramyxoviridae), тұрақты 
антигендік қасиеті бар, өте ұшқыш, төзімсіз, қоршаған ортада тез өліп қалады. 
Инфекция ошағы
: науқас адам катаральды кезеңінен (3-4 күннен бастап, бөртпелер 
пайда болғанша) бастап бөртпеленудің 4-ші күніне дейін созылады.
Инфекцияның таралуы жолы
: ауа-тамшы жолы. Қатынас индексі өте жоғары.
Жастан асқан және ересек балалар ауырады. Иммунитет тұрақты, өмір бойына сақталады. 
Патогенез
. Вирус тыныс жолдары және көз конъюнктивасы арқылы енедіде, қанға 
өтеді. Инкубациялық және катаральды кезеңде, бөртпе шығу кезеңінің 4-5 күндері вирус 
қаннан табылмайды. Вирусемия вирустің теріде, жоғары, ортаңғы, төменгі тыныс жолда-


645 
рының кілегей қабатында, өкпенің аралық тінінде, ауыз қуысында, тоқ ішекте, орталық 
нерв жүйесінде бекітіледі. Қызылшада бөртпенің шығу механизмі: бөртпе-тері жасушала-
рымен иммунокомпонентті лимфоциттер арасындағы реакция. Периваскулярлық қабыну 
ошақтары дамиды. Қабыну салдарынан эпидермистің деструкциялық ошақтары пайда 
болады, қабыршақтанады.
 Жіктелісі:
Түрі бойынша: типті және типті емес – белгісіз, абортивті, әлсіреген 
(митигирленген). Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр болып бөлінеді. Ағымы 
бойынша: тегіс, асқынулармен – арнамалы (пневмония, ларинготрахеит, круп, энцефалит, 
диатрея), бейарнамалы (бактериялық инфекциялардың қосарлануы) болып бөлінеді.
Клиникасы
: Аурудың ағымында 8-17 күннен 21-ші күнге дейін инкубациялық кезең, 
3-5 күнде алғашқы (продромальды) кезең, бөртпелену кезеңі 3-4 күн, пигментациялану 
кезеңі 7-10 күнге, сауығу кезеңі 1-2 айға созылады.
Продомальды кезеңде айқын катаральды синдром байқалады: жарықтан қорқу, конь-
юнктивит, қабақтың ісінуі, коньюнктиваның қызаруы, склера тамыларының инъекциясы, 
мұрыннан көп мөлшерде кілегейлі бөліністің шығуы, дауысының қырылдауық болуы, 
жабысқақ жөтел, круп, жалпы уыттану белгілерінің арытуы (дене қызуының 38,5 -39
о
дейін көтерілуі), энантема (еріннің, қызыл иектің кілегей қабағында сұр-ақшыл түсті 
көкнәр (мак) дәніндей, қызыл түсті жіпшемен қоршалған папула-Бельский-Филатов-
Коплик дағы) пайда болады 
(114 сурет).
Бөртпелену кезеңі дақты-папулезді бөртпелердің 
(115, 116, 117 суреттер)
пайда 
болуымен сипатталады.
Бөртпелер бірінші күні бетінде және мойында, екінші күні – денесінде, қолдарында, 
үшінші күні – дененің қалған бөлімдерінде пайда болады 
(124 сурет).
Бөртпелену жоғары қызбамен бірге жүреді. Терінің пигментациясы мен түлеуі 
бөртпеленіудің жүру бірізділігімен жүреді.
Қызылшада терідегі бөртпелер гистологиялық тұрғыдан дерманың жоғары қабатта-
рында орналасқан арнайы емес қабыну процессімен сипатталады. Бөртпелердің шығу 
кезеңі жаңадан дене қызуының көтерілуімен бірге науқастың басталуының 2-3-ші күндері 
басталады. Қызылшада бөртпе дене қызуының көтерілуімен бірге басталады. Бөртпелер-
дің алғашқы элементтері құлақтарыдың артында және беттің ортасында анықталады. 
Содан кейін тәуелік бойына бөртпелер барлық беттің, мойынның және біразырақ кеуде 
қуысының жоғарғы бөлігінің терісінде пайда болады. Бөртпелер ауыз-мұрын ұшбұрышы 
терісінде де байқалады 
(118,119, 120 суреттер)
.
114 сурет
. Қызылшада Филатов-Коплик-Бельский
115 сурет
. Қызылша бөртпелері 
белгісі аурудың 2-3-ші күн пайда болады
 


646 
116 сурет
. Қызылша бөртпелері.
117 сурет
. Қызылша. Бөртпеленудің 2-ші
тәулігі. 
Қызылшада бөртпенің пайда болуы сатылылығымен ерекшелінеді 
(114 сурет)
: 1- ші 
күні – бетінде, 2-ші күні – тұлғасында, 3-ші – барлық денесінде байқалады. Бөртпе әдетте 
макуло-папулезді сипатты, кейде қасылып кетуі мүмкін, қышиды. Бөртпеден кейін тері 
пигментациялануы, түлеуі мүмкін. Бөртпе элементтері кейде қосылып, дене түгел 
қызарып кетуі мүмкін (эритема). Бөртпе сипаты әртүрлі болуы мүмкін: майда дақты, 
қосылмаған, қосылған есекжем тәріздес, көпіршікті, геморрагиялық 
(118, 119, 120 
суреттер
), пемфигоидты, папулезді, үлкендақты, ұсақдақты, үлкенпапулезді болуы 
мүмкін. Бөртпелер 3 -ші тәуліктен бастап «гүлдейді», 4-ші тәуліктен бастап пайда болған 
ретіне сәйкес сола бастайды. Көбіне бөртпеленудің 3-ші тәуелігінде бөртпелер аяқ-қолда 
пайда бола бастағанда, бетінде өзінің айқындылығын жоя бастайды. Солған бөртпелер 
жалпақтана түсіп, көкшіл түстенеді. Біртіндеп бозарып, дақ ақшыл-қоңыр түске енеді.
Бұндай дақтық пигментация 1-2 апта байқалады. Бөртпелердің солуы кезінде кебек 
тәріздес түлеу байқалуы мүмкін. Түлеу 5-7 күнге созылады.
118 сурет.
 Қызылша: Сан мен балтырда орналасқан геморрагиялық дақты-
папулалық бөртпелер, бөртпеленудің 5-ші күні. 


647 
119 сурет.
 Иық пен білекте орналасқан геморрагиялық дақты-папулалық бөртпелер. 
Бөртпеленудің 4-5 күні 
Қызылшаға ауыз қуысының және жұмсақ таңдайдың кілегей қабатында өзіне тән 
өзгерістер байқалады. Терідегі бөртпелер шығудан 1-2 күн бұрын ауыз қуысының және 
жұмсақ таңдайдың кілегей қабатында мөлшері түйреуіш басынан жасымыққа дейін 
болатын формасы қисық қызыл түсті дақ пайда болады. Бұл элемент қызылша энантемасы 
деп аталады және оның диагностикалық маңызы өте жоғары. Энантема дағы 1-2 тәулікте 
қосылып, біртіндеп жойылып кетеді. Дақты энантемамен бірдей, кейде тіпті ертерек, 
қызылшаға ғана тән Бельский – Коплик - Филатов дағы пайда болады 
(114 сурет)
. Бұл дақ 
қызыл ұрт кілегей қабатында кіші тамырлық тістер қарсысында орналасады. Ол 2-3 күн 
сақталады. Бұл бөртпелер текқана қызылшаға тән белгі. 
Қызылышаның асқынған ағымы (отит, пневмония, ларинготрахеобронхит, диарея 
және т.б.) ерте жастағы балаларда жиі кездеседі. 
 
120 сурет.
 Қызылшада науқастың арқасында байқалатын геморрагиялық бөртпе. 
Пигментацияланудың басталуы. 
 
Лабораториялық белгілер
: Қызылшада гемограммада лейкопения, нейтрофилез, 
ЭТЖ-ның азды-көпті жоғарлауы байқалады. 
Аурудың 2-ші күні және 14 күннен кейін жүргізілетін серологиялық зерттеулер 
(комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), жылулық гемоаглютинация реакциясы 
(ЖГАР) диагноз қоюға көмектеседі. 
Үйде емдеу
. Төсектік режим, 7-10 күнге науқас жатқан бөлме қараңғыланып 
қойлыады. Емдәм аяулы, көп мөлшерде жылы сусын беріледі. Көзі, мұрны, ауыз қуысы
жылы қайнатылған сумен тазаланып отырады. 


648 
Дәрі-дәрмектік ем
– белгілеріне сәйкес жүргізіледі. А, С витаминдерін тағайындаған 
жөн. Антибактериальдық ем ерте жастағы балаларда бактериальдық асқыныуларға 
болжам туындағанда қолданылады. 
Аруханаға салуға көрсеткіштер
. Науқастардың ерте жаста және әлсіз күйде 
болуында, ауыр және асқынулы түрлерінде ауруханаға жатқызылады.
Эпидемияға қарсы шаралар
. Жұқпалы кезең бөртпелену кезеңнің 4-ші күні 
аяқталады. Клиникалық сауығу 10 күннен кейін байқалады. Қызылшамен ауырғаннан 
кейін бір ай бойына балалар мекемелеріне бармау ұсынылады.
Дезинфекцияны
қажет етпейді. Пневмония мен энцефалитпен ауырған балалар 
диспансерлік бақылауға алынады. Бір ай бойына профилактикалық егу болмайды.
Науқасты барлық жұқпалы кезеңге оңашалу керек. Науқаспен қатынаста болған
адамдар 17 күннен бастап бөліктенеді. 
Иммунизация 
1және 6 жаста қызылшалық тірі вакцинамен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет