жуу, ауа және күн ванналарын қабылдау , саяжайда жалаң аяқ жүру сияқты шынықтыру
шаралары күнделікті жүргізілді.
Қимылды ойындар қолданып балалардың белсенді ойын ойнады. Күн ыссы уақытта
балалар ағаштардың көлеңкесіндегі жолдармен жүгіріп шынықтыру және тыныстау
гимнастикасының кешенін орындады. «Денсаулық» білім беру саласы: дене
шынықтыру,қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология бөлімдерінен тұрады. Осыған орай
жылдық жоспарға балалардың салауатты өмір салтын сақтау және әр баланың
ерекшелігіне қарай дене дамуын қалыптастыруға сауықтыру шаралары қаралған,олар: таза
ауада дене шынықтыру,ертеңгілік жаттығулар,спорттық ойын-сауықтар,серуен,серуендегі
қимылды ойындар, сергіту сәттері,ұйқыдан кейінгі гимнастика,массаж, жалаң аяқ жүру,су
процедуралары. Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу
басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанды, қар ұстап
ойнағанды жақсы көреді. Жаз , күз мезгілінде саябаққа барғанды ұнатады: жапырақ
жинау, маусымдық киіммен ,мысалы, аяғында ботинка, үстінде күртемен жүгіру қимылды
қиындатары белгілі, бірақ ойын баласы оны жеңуге ұмтылады. Бала бойында осылай
қимыл қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамиды. Бұлардың барлығы да денені
шынықтыруға жатады. Ауа райы қандай болса да таза ауда болу пайдалы.
Жаз мезгілде ата-аналармен жұмыс жалғастырылды. Ата-аналарға ақыл-кеңестер берілді,
әңгімелер жүргізілді. ата-аналар бұрышындағы жазғы мезгілде балалардың денсаулығын
қорғау және нығайту, ағзаны шынықтыру, тыныс алу гимнастикасы және жазғы
демалысты ұйымдастыру туралы ақпараттар мезгілімен ауыстырылды.
Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болады.Ас мәзірінің
құнарлылығы,сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталады.Жыл мезгіліне қарай
берілетін ас мәзірі өзгертіліп бекітіледі.Дұрыс отыру,тағамдарды ретімен жеу,үстел
үстінде өзін дұрыс ұстай білуді үйренеді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады
Ата-аналар сөз сөйлеп топ қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді
Тәрбиеші:
Абдуллаева Н
Хатшы:
Пазылова Ә