This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
12.
Клиент Банкке Клиенттің кінәсінен/бастамасымен қабылданған іс-әрекеттерге байланысты
карточканы алумен, бұғаттаумен байланысты карточкалар бойынша барлық шығындарды сөзсіз
өтеуге міндетті.
13.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, шотта орналастырылған қаражат тек қана Клиент жүргізген
операциялары бойынша Клиент пен Банк арасында өзара есеп айырысуларды іске асыру үшін
пайдаланылады.
14.
Банкке ақша қолма-қол ақшасыз немесе Клиенттің шотына есептеу мақсатында Клиент Банктің
кассасы арқылы ақша енгізген кезде Банк көрсетілген ақшаны түскен (енгізген) күні Клиенттің шотына
есепке алады.
15.
Карточканы үшінші тұлғаларға пайдалануға тыйым салынады және мұндай пайдалану
фактілері анықталған жағдайда, карточка бұғатталады және/немесе алып қоюға жатады.
16.
Банк жеке шот валютасынан ерекшеленетін валютада операциялардың айырбастау бағамын,
сонымен бірге айырбастау бойынша операциялар жүргізілетін валюталардың тізімін бекітеді және өз
қалауы бойынша өзгерте алады. Соманы айырбастауды талап ететін операцияларды жүзеге асырған
кезде шоттағы қажет соманы бұғаттау транзакцияны жасау сәтінде бекітілген бағам бойынша, ал
шоттан қажетті соманы есептен шығару транзакцияны растау сәтінде әрекет ететін бағам бойынша
жүзеге асырылады. Банк айырбастауды жүргізу кезінде операцияны жүргізу сәтінде әрекет ететін Банк
тарифтеріне және (немесе) банк өнімдерінің талаптарына сәйкес комиссияларды алуға құқылы.
17.
Карточка ұстаушысы карточканы Банктің веб-сайтында жарияланған тізімдегі
компрометациялау тәуекелі жоғары мемлекеттерінде пайдаланған жағдайда, карточка иесі
компрометациялау тәуекелі жоғары мемлекеттерде карточканы пайдалануды тоқтатқан сәттен бастап
3 (үш) банктік күн ішінде Банкке карточканы қайта шығару үшін жүгінуге міндетті. Аталған талапты
сақтамаған жағдайда және осыған байланысты мұндай карточка бойынша рұқсат етілмеген
карточканы пайдалана отырып жасалынған операциялар пайда болған жағдайда, Банктің барлық
шығындары, сонымен бірге Банкке келтірілген нұқсан карточка иесінен сөзсіз тәртіпте өндіріп алынуы
тиіс.
18.
Тізімі Банктің веб-сайтында көрсетілген, тыйым салынған тізімдегі елдерде Банк белгілеген
шектеулерге байланысты төлем карточкасын қолданып, транзакциялар жүргізу мүмкін емес.
19.
Банктің бастамасымен шотты жабу осы шарттың 2-тарауының 3-бабында келтірілген тәртіпте
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: