Барлығы – 180сағат



бет20/29
Дата28.01.2020
өлшемі1,16 Mb.
#56638
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
Психодиагност.4кр2009

Дәріс мазмұны:


1. Интеллект құрылымының иерархиялық теориясы

2. Терстоун бойынша интеллект моделі.

3. Гилфорд бойынша интеллект моделі.

Мақсат: Интеллекті диагностикалау әдістерін терең меңгерту мақсатында оның құрылымы жөнінде түсінік беру, интеллект модельдерінің ерекшеліктерін ашу.


  1. Интеллект құрылымы ``қандай?``деген сұраққа жауап беруге тырысатын көптеген теориялар кездеседі. Соның бірі-Спирмен ұсынған интеллект моделі. 1904жылы Спирмен келесі постулаттарды (сипаттауды қажет етпейтін болжам) құрастырды: интеллект адамның басқа да тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді емес, интеллект өзінің құрылымына басқа да сапаларды (қызығушылығы, жетістіккежету мотивациясы, үрейленушілік және т.б) қоспайды. Интеллект ақыл-ой энергиясының жалпы факторы ретінде көрініс табады. Спирменнің көрсетуі бойынша кез-келген интеллектуалды процестің жетістігі жалпы факторға, қабілетке тәуелді болады. Сондықтан да ол интеллектің генерарлы факторы G фактор мен арнайы қабілеттің көрсеткіші болып табылатын S факторын анық көрсеткен. Генералды фактордан кейін негізгі топтық факторлар орын алады. Топтық факторлардың өзі вербальді-қайта жасалу және практикалық-механикалық факторлар деп бөлінеді. Вербальді-қайта жасалу факторы вербальді және есептік субфакторлардан тұрады, ал практикалфқ механикалық фактор механикалық-ақпараттық, кеңістіктік субфакторлардан тұрады. Иерархияның төменгі деңгейіне арнайы факторлар жатады. Спирменның көзқарасы бойынша әрбір адам жалпы интеллектінің белгілі бір деңгейімен сипатталады және бұған осы адамның қоршаған ортаға бейімделуі тәуелді болады.Сонымен қатар, барлық адамдарда нақты бір міндеттерді шешуде көрінетін әртүрлі деңгейде дамыған арнайы қабілеттерді болады.

2. 1938 жылы Терстоун статистикалық факторлы әдістің көмегімен интеллектінің әртүрлі жақтарын зерттейді және оларды алғашқы ақыл-ой потенциалдары деп атады.

Ол мынадай потенциаларды көрсетті:



  1. Есептеу қабілеті, яғни сондықтан жұмысына оырып арифметикалық амалдарды орындау

  2. Вербальды икемділік, яғни сөз арқылы ақыл-ой деңгейін көрсету

  3. Вербальды қабылдау

  4. Кеңістіктегі ориентация, яғни кеңістіктегі нәрселерді формалды қабылдап, түсіндіре алуы

  5. Ес, есте сақтау қабілеті

  6. Ой қорытындыларын жасауға қабілеттілігі

  7. Түрлі заттар, суреттер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды жылдамдықпен қабылдау

3. Кеттел моделі интеллектуалдық қабілеттің 3 жағын көрсетті:

1) Жалпы 2) Парциалды 3) Операция факторлары

Кеттел екі факторды бөліп «байланысты» интеллект және «еркін» интеллект деп атады. «Байланысты» интеллект факторы жеке тұлғаның бүкіл өмір жолындағы әлеуметтану процесі кезінде алынған білімі мен интеллектуалдық дағдысының жиынтығы. «Еркін» интеллект факторы үлкен ми жарты шарларының қыртысының «үшінші ассоциациялы» аймағының жалпы дамуымен сипатталады.

Парциалды факторлар үлкен ми жарты шарлары қыртысының сенсорлы және моторлы аймақтарының даму деңгейімен анықталады.

Операциялық факторы нақты есептерді шешуде алынған дағдылар.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Инттелект құрылымын қарасытырған ғалымдар?

2. Терстоун бойынша интеллек моделі?

3. Гилфорд бойынша интеллект моделі?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

17 дәріс



Тақырып: Интеллектке әсер ететін факторлар

Дәріс мазмұны:


1. Интеллект және тұқымқуалаушылық.

2. Интеллект және биологиялық орта.

3. Интеллект және жыныстық айырмашылықтар.

Мақсаты: Интеллектің дамуы үшін әсер ететін факторларға сипаттама беру.

1. Жеке тұлға және интеллект жөнінде ең алғаш рет ой-пікірді Альфред Бине ұсынған. Оның пікірі бойынша интеллект қандай да бір болмасын қабілеттер жиынтығы. Осыған байланысты өз тұжырымын ұсынған Спирмен болып табылады. Барлық адамдар, яғни жеке тұлға нақты міндеттерді шешуде ерекше қабілеттерге ие. Спирмен кез-келген интеллектуалдық әрекеттің табыстылығы жалпы қабілет, жалпы факт орға байланысты деп түсіндіреді. Осылайша ол екі факторды көрсетті.

1) Генералды фактор 2) Ерекше қабілеттер көрсеткіші

Қазіргі уақытта интеллектінің жоғарыда айтылған 1-факторын диагностикалауда Айзенктің интеллект тестісі, Кеттелдің тесттері қолданылады. Кейін Терстоун жалпы интеллектінің түрлі жақтарын зерттеп, оларды алғашқы ақыл-ой потенциалдары деп атады.

Тесттер жалпы мазмұны бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: Интеллект тесттер, қабілет тестттері, жетістікке жету және жеке тұлғалық тесттер.

Интеллект тесттер адамның ақыл-ойының интеллектуалдық дамуының деңгейін зерттеуде қолданылады. Ең алдымен барлық психикалық процестер немесе функциялар (ойлау, ес, қиял, т.б.) көрінеді. Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткішінің жеткілікті және негізгі сапасы интеллект коэффициенті түсінігімен тиімді енгізілген.

1. Интеллектіге тұқымқуалаушылықтың әсері туралы қорытынды жасауда 3 түрлі зерттеу жағдайларынан өтеді.

1. Өз балалары мен асырап алған балалардың интеллектуалдық деңгейінің ата-аналардың интеллектулдық даму деңгейімен байланысын анықтау.

2.Монозиготалы (М3) дәне дизиготалы(Д3) егіздердің генетикалық ұқсастықтарын интеллектуалдық көрсеткіштері бойынша анықтау.

3. Әр түрлі жанұяда тәрбиеленіп жатқан монозиготалы егіздерді зерттеу.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Интеллектіге әсер ететін факторлар қандай?

2. Оларды зерттеу әдістері?

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

18 дәріс

Тақырып: Равен әдістемесі

Дәріс мазмұны.


  1. Әдістеме мақсаты

  2. Әдістеменің жүргізілуі

  3. Әдістемеге қойылатын өзіндік талаптар

Мақсаты: Равен әдістемесімен және оның мақсаты жүргізілу жолына жолына бағыт беру.

Равеннің матрицалары интеллектуалдық даму деңгейін анықтауға арналған. Дж. Равиннің түрлі-түсті матрица нұсқалары негізінен 5 және 11 жас аралығындағы балаларды тексеруге арналған. Кей жағдайда 65 жастан асқан адамдарға да қолданылады. РТМ (ЦМР) 36 тапсырмадан әрбір сериясында 12 тапсырма берілген үш түрлі сериядан: А, Ав, В тұрады. Тапсырма күрделілігі оның әрбір сериядан серияға өткен сайын туындайды. Құрастырылған тест тапсырмаларын орындау үрдісінде негізгі 3 психикалық үрдіс: зейін, қабылдау, және ойлау. Шешімді жауаптар анализі арқылы олардың ойлау формасының даму деңгейін бағалауға болады. Бұл тестті балаларға жеке және топта өткізуге болады. 5-8 жас аралығында балаларды жекелікте тест арқылы тексерген кезде оның шешімін тексеру өткізуші маман өзі жазып, толтырып отырады. Ал 8 жастан жоғары жауаптарын балалар өздері хаттамаға толтыруларына болады.

Өткізу жолы. Жұмыс А сериясындағы тапсырмалардан басталады.

«Мына картинкаға қараңыздаршы. Бұнда бір бөлігі ойылып қалған түрлі-түсті суреттермен(сызықтармен)әшекейленген кілемше суреті берілген. Бұл ойықты суреттен кесіп алған. Әрбір бөліктер (бөлік нұсқаларын көрсетеміз) бірдей түсті. Сіздер осы бөліктерді мұқият қарап, ойық орнына сәйкес келетін бөлігін ғана (тек бір нұсқа болуы керек) көрсетесіз». Бала дұрыс жауабын тапқаннан кейін келесі картинаны көрсетесіз. Дұрыс жауап алынбаған кезде қайтадан А тапсырмасына келуге болады. Равиннің айту бойынша А сериясының барлығын көрсете бермей (орындай бермей) қысқартуға да болады.

Бағалау жолы. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жалпы ұпай саны 35 тапсырманы орындаған кезде белгілі болады. Жеке серияның әр бір ұпай санына арнайы бөлінген дұрыс шешім кестелері бар. Егерде зерттеу шешімі бойынша ол негізгі стандарттан өзгеше болса, зерттеуді толық валидтілі деп атауға болмайды.

Кесте 1.


Жеке сериядағы дұрыс бөліну деңгей


Жалпы суммасы

А Ав В

Жалпы суммасы

А Ав В

10

11

12



5 3 2

6 3 2


7 3 2

22

23

24



9 8 5

9 8 6


10 8 6

13

14

15



16

7 3 3

7 4 3


7 4 4

8 4 4


25

26

27



28

10 9 6

10 9 7


10 10 6

10 10 8


17

18


19

8 5 4

8 6 4


8 6 5

29

30

31



11 10 8

11 10 9


11 10 10


20

21

34



8 7 5

9 8 5


12 11 11

32

33

35



11 11 10

11 11 11


12 12 11

Кесте 2.

Равеннің тестісі бойынша бағалау


Саты

Бағалау нәтижесі

Талап

I
II
III
+

-
IY


Y

өте жақсы
жақсы
орташа
орташадан жоғары

орташадан төмен


әлсіз
өте әлсіз

Егер нәтиже 95%-тен жоғары болса
Егер нәтиже 75%-тен жоғары болса
Егер нәтиже 25%-тен жоғары -75% төмен болса

Егер нәтиже орташадан жоғары арифметикалық жасқа сәйкес


Егер нәтиже орташадан төмен арифметикалық жасқа сәйкес
Егер нәтиже 25%-тен төмен болса
Егер нәтиже 5%-тен төмен болса




Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Равен әдістемесі нені зерттейді?

2. Оның жүргізілу жолына сипаттама беріңіз?

3. Бағалау жолына сипаттама беріңіз?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

19 дәріс



Тақырып: Тұлғалық сапалар психодиагностикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет