143
• Мақсатты нарықтар және осы нарықтардағы фирманың орны;
• Фирманың ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттарын, оларға қол жеткі-
зу стратегиясы мен тактикасын белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық көр-
сеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;
• Стратегияны іске асыру үшін жауапты тұлғаларды анықтау; фирманың тұты-
нушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің құрамын таңдау және көрсет-
кіштерін анықтау;
• Оларды құру және іске асыру бойынша өндірістік және сауда шығындарын
бағалау;
• Фирманың бар кадрларының сәйкестігін, олардың еңбектерін алға қойылған
мақсаттарға жету үшін қажет етілетін талаптарға мотивациялау шарттарын анықтау;
• Нарықты зерделеу бойынша, жарнама, сатуды ынталандыру, баға құру, өткізу
каналдары және т.б. бойынша фирманың маркетингілік іс-шараларының құрамын
анықтау;
• Фирманың қаржылық жағдайын және алға қойған мақсаттарға жету үшін
қолда бар қаржылық және материалдық ресурстардың сәйкестігін бағалау; биз-
нес-жоспарды іс жүзінде орындауға кедергі келтіруі мүмкін «су астындағы тастар-
ды», қиыншылықтарды алдын ала білу;
• Жобаны іске асыру барысына бақылау жүйесін ұйымдастыру.
Бизнес-жоспарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
• инвестициялардың бизнес-жоспары – әлеуетті серіктес немесе инвесторға
маркетингілік зерттеулердің нәтижелерін, нарықты игеру стратегиясының, бол-
жанған нәтижелер негіздемесін баяндау;
• компанияны немесе фирманы дамытудың бизнес-жоспары – алдағы жоспар-
лы кезеңге ұйымның даму жоспары;
• кәсіпорынның жеке бөлімшесін дамытудың (құрудың) бизнес-жоспары;
• банктен несие алуға немесе тендерге қатысуға арналған бизнес-жоспар.
Достарыңызбен бөлісу: