Қызықты логикалық есептер.
1.Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп.Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі: 14 – (2*3)= 8 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.
2 Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?
Шешуі: 100 * 4 = 400
3 Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды.
Сонда Қожанасырда неше тиын болды?
Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын
4. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
5. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
6. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
7. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
8.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
9.Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
10.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
Математикалық викториналар.
1 Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады?
2 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)
3 Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?
4 Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңілісі қанша болса, сонша ағасы бар. Осы семьяда неше ер бала, неше қыз бала бар? (Ж а у а б ы: 1 ұл, 2 қыз бар.)
Логикалық есептер.
1 Екі әкесі мен екі баласы үш алманы бір-бірден бөліп қалай бөліскені? (Ж а у а б ы: Әкенің баласы және оның баласы болғаны. Сонда небары үш адам. Олардың үш алманы бір-бірден бөлісуіне болады.)
2 Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
3Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
4 Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
5 Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
6 Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
7 Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
8 Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
9 Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
10 Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Математикалық сөзжұмбақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |