Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы «Оқу сауаттылығы»



бет12/75
Дата14.04.2022
өлшемі5,76 Mb.
#139386
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
Байланысты:
готовый Оку сауаттылыгы
Пиза-1, мұрат мөңкеұлы №3, тизим
5-тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін соңында ағаштың мұңаю себебін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


6-тапсырма. БАҚЫТ
Мәтіннің «Бақыт» аталу себебін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-МӘТІН. ТАБИҒАТТЫ САҚТАУ – БОЛАШАҚТЫ САҚТАУ.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда. Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ,» - деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше,заңсыз аң аулаушылар «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.
Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарларға, құстар мен өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы, елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің құйрығы өзінің соры» дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін. (251 сөз)


1-тапсырма. «Қызыл кітап» қорғаған аң - құстарды біз қорғай алмаймыз ба? Сенің пікірің...
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет