І ӘДЕБИ ШОЛУ
Гельминтоздар
Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos – іш құрт) – паразит құрттардың адаммен, жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту.
Достарыңызбен бөлісу: |