Бау-бақша өсімдіктері


Таралуы: Қазақстанның далалы, орманды далалы аймақтары мен жалпақ жапырақты ағаш ормандарында, әсіресе, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің арнасы мен жағасында өседі



бет5/16
Дата24.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#187783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Таралуы: Қазақстанның далалы, орманды далалы аймақтары мен жалпақ жапырақты ағаш ормандарында, әсіресе, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің арнасы мен жағасында өседі.

Қолданылуы: Далалық шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Далалық шие қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темір, фосфор, магний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Далалық шиеден шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды. Далалық аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады.

Сілтеме: Дарбаева Т.Е Өсімдіктер систематикасы. «Орал» 2007, 51 – 52 бет. https://kk.wikipedia.org/wiki/

Қазақ тілі терминдер сөзді, І-том

Аманғалиева Қарлығаш

Дүниесі: Өсімдіктер- Plantae Бөлімі: Гүлді өсімдіктер- Magnoliophyta Класы: Қос жарнақтылар- Magnoliopsida Тұқымдасы: Алабота-Chenopodiaceae Туысы: Қызылша-Beta Түрі: Қант қызылша- Beta vulgarіs

Сипаттамасы: Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл.

Таралуы: Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет