Баяндама тақырыбы


Экологиялық проблемаларын талдау және бағалау



бет5/8
Дата21.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#163511
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маңғыстау облысы
9.3А Көрсетілген сипаттары бар элементті іздеу Сабақ жоспары- 2 сабақ
Экологиялық проблемаларын талдау және бағалау.
Таза ауа мен табиғаттың, қоршаған ортаның жайлылығы әркім үшін де алаңсыз өмір сүруде ең басты қа­жет­тіліктердің бірі. Технологияның қа­рыштап дамып, өндірістің қарқыны артқан бүгінгі күні әлемде экологиялық ахуал­дың ақсап тұрғаны жасырын емес. Тіпті басқаны айтпағанда, кең қол­даныстағы және қолайлы сана­латын полиэтилен ыдыстардың өзі табиғатқа қаншалықты зиян әкелетіні белгілі. Біз мұндай жағдайда қоршаған ортаны қалай қорғап, өзімізге және болашақ ұрпаққа алаңсыз өмірді қалай сыйлай аламыз? Бұл – бүгінгі күннің басты мәселесі Жер асты байлықтарымен қуантып, жер үсті сұлулығымен сүйсінтетін Маңғыстаудың экологиялық ахуалы қандай?
Әрине, жер жүзінде бар мәселеден сырторай, жұмақта өмір сүріп отырмағанымыз белгілі, демек эколо­гиялық проблема түбекті айналып өтіп кете алмайды.
Маңғыстаудағы экологияны ауыз­ға алғанда, алдымен тілге оралатын тұс – «Қошқар ата» улы көлі – радиациялық қалдықтар қоймасы. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, бұл тақырып Маң­ғыстауда маңыздылығы жағы­нан да, аңыздылығы жағынан да ба­рын­ша танымал тақырып. Кеңес одағы кезінде «Ұйқылыдағы» уран кенішін игеру салдарынан пайда болған улы көл көлемінің өсуі Одақ тараған соң тоқтаған өндіріспен бірге тоқтады. Жыл сайын көлге өндірістен құйылатын 25 миллион текше метр су тоқтаған соң, көл көлемі тартылып, жан-жағы жалаңаштана бастады. Бұл өз кезегінде топыраққа сіңген, құрғаған улы, зиянды тұнбалардың желмен бірге ұшып, ауаға, ауа арқылы қоршаған ортаға тарауына ұласты. Тек 90-шы жылдардың орта тұсындағы Азот-түк зауытынан әкелінген фосфат қалдығы зиянды топырақтың біраз жерін жауып, жағдайды біраз оңалта түскен. Алайда, зиянды қалдықтардың алдын алмаса арты ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін екенін аңғарған елі­міз көлді залалсыздандыру, тұмшалау жұ­мыстарын қолға алғанына да он­шақты жылдың жүзі болды. Төрт бір­дей бағдарламаны жүзеге асыруды мақсат еткендер алдымен зауыттың қалдықтары жатқан, радиациялық фон аса жоғары болып тұрған 24 гек­­тар жердегі қалдықтарды көміп, сыр­тынан қалыңдығы 25 сантиметр ар­ма­тураланған бетонмен, оның үстінен таза топырақпен 1 метр қалыңдықта жапты. Келесі жылы мұндай жұмыстар тағы да 31 гектар жерге жүргізілді. Екін­ші бағдарламада көлдің суы тар­тылып, жалаңаштанған 2700 гек­тардай жерін рекультивациялау болса, қаланың тұрғын аймағынан шық­қан қалдық суларды тазалап, «Қош­қар ата» көліне айдау шараларын жүргізу үшінші бағдарламаға жүк. Ма­мандар, жылына 8,5 миллион тек­ше метр су айдалып тұрса, көл суы­ның табиғи булануының орнын толтырады деп есептейді. Улы көл айналасындағы топырақ құрамына ауқымды мониторинг жүргізу төртінші бағдарламаға міндет болған. 2015 жылдан бастап улы қалдықтар мен ауыр металдардың жан-жаққа тарамауы үшін 8 гектар аумаққа жыңғыл мен сексеуіл егілген.
Осынша жұмыстар жобаланып, жасалғанмен улы көл өзінің зияндылығын, қауіптілігін жойды ма? Мәселе осында. Жойған жоқ, себебі көлден шыққан жағымсыз иіс жүректі айнытып, басты айналдырады. Соңғы кездері экологтар ол өңірге мал жайылатынын, ол жердің шөбіне сіңген радиациялық элементтердің малдың еті мен сүтіне дарып, ол арқылы адамға берілуі мүмкін екендігін айтып, дабыл қағуда. Мамандар енді көлдің 50 шаршы шақырым аумағын қиыршық тас араласқан топырақпен көму қажеттігін айтады. Ол үшін уақыт та, қаражат та керек екен.
Маңғыстау өңірінде қазір обыр аурулары, қалқанша без иод жетіспеушілігі дерті, өзге де сырқат түрлері көбейіп кетті. Аурудың көбеюіне «Қошқар ата» улы көлінің әсері бар шығар, кім білген?..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет