Модальдық етістіктер
The Modal Verbs
Ағылшын тілінде модальдық етістіктердің көптеген түрлері бар. Олар can (could), to be able to, may (might), to have to (had to), must, to be to, should, would, ought to, need.
Модальдық етістіктер өздері жеке қолданылмайды, тек мағыналық етістіктермен қолданылады. Олар істің мүмкіндігін, міндеттілігін, ықтималдылығын, қажеттілігін, керектілігін көрсетеді.
Мысалы: You must do that. – Сіз мұны істеуге міндеттісіз.
You may do that. – Сіз мұны мүмкіндігіңіз болса істеңіз.
Can (could)
Физикалық немесе ойлай қабілетіне байланысты іс-әрекетті орындай алу. Мысалы: I can read and speak English. – Мен ағылшын тілінде оқи және сөйлей аламын (басқа тілдерді оқуға мүмкіншілігім, қабілетім бар).
Достарыңызбен бөлісу: |