Бейорганикалық



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ
PRAKTIKUM KAZ

 
 
 
5. СУТЕК. СУТЕК ПЕРОКСИДІ 
 

 
99 
ғ 14 жұмыс. Сутек 
 
Ескерту:  Сутекпен  тәжірибелер  жасағанда  оның 
тазалығына 
алдын-ала 
көз 
жеткізіп 
алмайынша 
қондырғыдан  шығып  жатқан  сутекті  жағуға  болмайды, 
себебі  таза  емес  сутекті  жаққанда  қопарылыс  болуы 
мүмкін. 
Қажетті-құрал  жабдықтар  мен  реактивтер:  металл 
тұрғы,  спирт  шамы,  газ  шығаратын  түтікшесі  бар  тығын,  
сынауықтар
шыны 
пластинка 
(30L60), 
мырыш 
түйіршіктері  (немесе  мырышталған  темір)  20%  күкірт 
қышқылы  (немесе  тұз  қышқылы  (1:5))  мыс  (ІІ)  оксидінің 
ұнтағы. 
1.Металдарға  қышқылдармен  әсер  ету  арқылы  сутек 
алу
28 а-суретте көрсетілгендей қондырғы жинаңдар.                                      
 
 
28-сурет.  Сутекті  алу,  оны 
жинау 
және 
“тазалығын” 
тексеру   
Сынауыққа  мырыштың 
бірнеше түйірін салып, 5 
мл 
20% 
күкірт 
қышқылын құйыңдар да, 
сынауықтың  саңылауын 
ұшы 
жоғары 
қарай 
бағытталған 
газ 
шығаратын  түтігі  бар 
тығынмен  жабыңдар  (28 
б 
сурет). 
Сутектің 
“тазалығын” 
тексеріңдер.  Бұл  үшін 
ішінде сутек бар 
сынауықты жаймен көтеріп, саусақпен жаба отырып (28 в 
сурет) түбін жоғары қаратып сынауықты көлденең бағытта 
ұстап  тұрып,  спирт  шамына  жақындатып,  аузын  ашыңдар 
(28  г  сурет).  Сутектің  тазалығына  көз  жеткізгеннен  кейін 
(оқытушының  қатысында),  оны  түтікшенің  аузында 

 
100 
жанған  шыбықпен  жағып  көруге  болады.  Таза  сутек 
жанғанда  әлсіз  дауыс  естіледі.  Сутек  жалынының  үстіне 
суық  құйғы  немесе  шыны  пластинка  ұстаңдар.  Нені 
байқауға  болады?  Сутек  алудың  реакция  теңдеуін 
молекулалық  және  ионды-электрондық  түрде  жазыңдар.  
Лаборатория  жағдайында  сутек  алу  үшін  басқа  қандай 
металл  және қышқылды  ұсынуға болады? Сутек  алу  үшін 
концентірлі  күкірт  қышқылын  қолдануға  бола  ма? 
Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Сутектің жану реакциясының 
теңдеуін жазыңдар. 
2.  Сілтіге  алюминиймен  әсер  ету  арқылы  сутек  алу. 
(Тәжірибені  тартқыш  шкафта  жүргізіп,  көзілдірік  кию 
керек). 
Сынауыққа 2-3 мл 20% NaOH ерітіндісін құйыңдар. 
Оған  бірнеше  түйір  алюминий  ұнтақтарын  салыңдар  да, 
ұшы жоғарыға қарай бағытталған шыны түтікше кигізілген 
тығынмен  жабыңдар.  Егер  реакция  баяу  жүретін  болса, 
онда  қыздыру  керек.  Бөлініп  жатқан  сутектің  тазалығын 
тексеру  қажет.  Құрғақ  сынауыққа  сутек  толтырып,  оны 
жағып көріңдер. 
Алюминийдің  сілтімен  әрекеттесу  реакциясының 
теңдеуін  молекулалық  және  ионды‡электрондық  түрде 
жазыңдар. Бұл жағдайда  қандай өнімдер түзілуі мүмкін? 
 
3.  Сутекті  судан  алу.  Сутек  алудың  темір-булы  әдісі. 
(топ болып жасалатын жұмыс). 
Сутекті  темір-булы  әдіспен  алу  үшін  29-суреттегі 
құрылғыны  жинаңдар.  Түтікшелі  пешті  алдын-ала  тоқ 
көзіне  қосып  қою  керек.  Диаметрі  2,5  см,  ұзындығы  60-
70 см темір  
 
немесе  кәрлен  түтікшені 
темір 
ұнтақтарымен 
толтырыңдар. 
Ұнтақтарды 
пештің 

 
101 
 
 
29-сурет.  Темір-булы  әдіспен 
сутек алуға арналған құрылғы 
қыздыру 
аймағында 
болатындай 
етіп 
түтікшенің 
ортасына 
орналастырыңдар. 
Түтікті  пешке  орнатып, 
оның  екі  жағын  шыны 
түтікшесі  бар  тығынмен 
тығындаң-  
дар. Құтыға (1) су құйып, оны  қайнатыңдар. Ішінде темір 
ұнтақтары  бар  пештегі  түтік  (2)  700
0
С-қа  дейін  қызған 
кезде  оған    су буын  жіберіңдер.  Осы  түтікшеден  бөлінген 
газды  судың  астында  2-3  сынауыққа  жинап  алыңдар  да, 
оның  жануын  тексеріңдер.  Бұдан  кейін  су  буын  жіберуді 
тоқтатып,  тоқты  өшіріңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар. 
Реакция  нәтижесінде  қандай  өнімдер  түзілуі  мүмкін?  
Лабораторияда сутекті  басқа қандай әдістер арқылы алуға 
болады?  Олардың  әрқайсысының  артықшылығы  мен 
кемшілігін  көрсетіңдер.  Сәйкес  химиялық  реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
 
4.Мыс оксидін сутекпен тотықсыздандыру
(“Үстел  бойынша”  жасалынатын  жұмыс).  Көзілдірік 
тағыңдар! 
30-суреттегі 
құрылғыны 
жинап, 
герметикалылығын  тексеріңдер.  U-тәрізді  түтікке  сусыз 
кальций  хлоридін  (алдын-ала  күйдірілген)  салыңдар  (не 
үшін?) 
 
 
 
30-сурет.  Мыс  оксидінің 
Хлоркальцийлі 
түтіктің 
кеңейтілген    жеріне  0,3-0,5  г 
мыс оксидін салыңдар. Құтыға 
(сыйымдылығы  250  мл)  40-50 
г 
мырыш 
түйіршіктерін 
салыңдар  да,  құтының  түбіне 
дейін түсірілген құйғы арқылы 
100-150 
мл 
20% 
H
2
SO
4
 

 
102 
сутекпен тотықсыздануы 
ерітіндісін құйыңдар. Сутектің 
тазалығына  көз  жеткізгеннен 
кейін 
ғана 
құрылғыны 
қыздыруға 
болады! 
Құрылғының  сутек  шығатын  
жерін  шырақпен  жағып  көріңдер.  Құрылғыдағы  ауа 
толығымен сутекпен ығыстырылғаннан кейін түтікті ұзына 
бойы, одан соң мыс оксиді бар жерін күштірек қыздыруға 
болады.  Жанып  тұрған  сутек  жалынының  азаймауын 
бақылап  отыру  керек.  Егер  жалын  өшіп  қалса  немесе 
азайса, қыздыруды тоқтатыңдар. 
Тотықсыздану  біткен  кезде  (оны  қалай  білуге 
болады?)  қыздыруды  тоқтатып,  сутектің  жіберілуін 
жалғастыра  отырып  (неліктен?),  құрылғыны  бөлме 
температурасына 
дейін 
суытыңдар 
Әрекеттеспеген 
мырышты  сумен  шайып,  лаборантқа  өткізіңдер.  Реакция 
теңдеуін жазыңдар.  
 
5.Атомарлы 
сутекпен 
калий 
перманганатының 
тотықсыздануы (бөліну кезіндегі). 
Сұйытылған  күкірт  қышқылының  ерітіндісіне 
бірнеше  тамшы  КМnО

ерітіндісін  қосып,    қоспаны  екі 
сынауыққа  бөліңдер.  Оның  біреуіне  мырыш  түйіршігін 
салып,  екіншісіне  Кипп  аппаратынан  сутек  жіберіңдер. 
Сынауықтардағы 
ертінділердің 
түсінің 
өзгеру 
жылдамдықтарын    салыстырындар.  Түстерінің  өзгеру 
жылдамдықтарының  айырмашылықтарын  түсіндіріңдер. 
Реакция жылдамдығының теңдеуін жазыңдар.  
                     
 
 
ғ 15 жұмыс. Сутек пероксиді 
 
Қажетті-құрал  жабдықтар  мен  реактивтер:  100  мл 

 
103 
химиялық стакан, 5 % H
2
SO
4
, суытқыш қоспа (қар немесе 
мұздың  NaCl  мен  қоспасы),  барий  пероксиді,  термометр, 
сұйытылған K
2
Cr
2
O
7
 ерітіндісі, этил эфирі, сынауықтар, газ 
өткізгіш  түтігі  бар  тығын,  MnO
2
,  шырақ,  сұйытылған 
КМnО
4
  ерітіндісі,  KІ  ерітіндісі,  метилоранж,  NaOH 
ерітіндісі.  
1. Сутек пероксидін алу. Сыйымдылығы 50 мл химиялық 
стаканға  20  мл  5  %  H
2
SO
4
  құйыңдар  да  оны  суытқыш 
қоспаға  (қар  немесе  мұздың  NaCl  мен  қоспасы) 
орналастырыңдар.  1  г  барий  пероксидін  суытылған  H
2
O
2
 
ерітіндісіне  араластыру  арқылы  аз  мөлшермен  қосыңдар. 
Мұнда  ерітіндінің  температурасы  0
0
С-дан  жоғары  болмау 
керек  (не  себепті?).  Суытуды  тоқтатпай  түзілген  тұнбаны 
(оның құрамы қандай?) тұндырыңдар да, мөлдір ерітіндіні 
бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған H
2
O
2
  
ерітіндісін келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.  
2. H
2
O
2
 ашу реакциясы. 
Сынауыққа 3 мл су құйып, оған 2-3 тамшы K
2
Cr
2
O
7
 
ерітіндісін  және  2-3  тамшы  сұйытылған  H
2
SO
4
  ерітіндісін 
қосыңдар.  Оған  1  мл  этил  эфирін  және  1-2  мл  алдыңғы 
жұмыста  алынған  H
2
O
2
 
қосыңдар.  Сұйықтықтарды 
жақсылап  араластырыңдар.  Эфир  қабатының  көк  түске 
боялғанын бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.  
3. 
H
2
O
2
 
ыдырауы  және  оның  жылдамдығына 
катализатордың  әсері.  Сынауыққа  2-3  мл  алдыңғы 
жұмыста алынған H
2
O
2
  құйып,  оны  қыздырыңдар.  Қандай 
газ бөлінеді? Оны қалай тексеруге болады? Осы тәжірибені 
2-3  мл  сутек  пероксидіне  азғана  MnO
2
  қосып  қайталауға 
болады.  MnO
2
  қалай  әсер  етеді?  Бөлінген  газды  тұтанған 
шырақпен тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
4. H
2
O
2
 тотықтырғыштық қасиеті. 
Күкірт  қышқылымен  қышқылдандырылған    1-2  мл 
калий  йодидының  ерітіндісіне  2-3  тамшы H
2
O
2
  ерітіндісін 
қосып,  оған  1  мл    крахмал  құйыңдар.  Не  байқалады? 

 
104 
Реакция  теңдеуін  молекулалық  және  иондық-электрондық 
түрде жазыңдар. 
5. H
2
O
2
 тотықсыздандырғыштық қасиеті.  
Сынауыққа 2 мл H
2
O
2
 ерітіндісін құйып, оған күкірт 
қышқылымен 
қышқылданған 
сұйытылған 
КМnО
4
 
ерітіндісін  тамшылатып  құйыңдар.  КМnО
4
  түсі  қалай 
өзгереді?  Реакция  теңдеуін  молекулалық  және  иондық-
электрондық түрде жазыңдар.  
6. Сутек пероксиді қышқыл ретінде. 
Сынауыққа  4-5  мл  су  құйып,  оған  5-7  тамшы 
метилоранж  қосып,  оны  тең  екі  сынауыққа  бөліңдер.  Бір 
сынауыққа  бірнеше  тамшы  сутек  пероксидін  қосып, 
ерітінділер түсін салыстырыңдар.   
7. NaAlO
2
-ден Al(OH)

алу. 
Алюминий  тұзының  ерітіндісіне  Al(OH)
3 
  тұнбасы 
ерігенге  дейін  натрий  гидроксидінің  ерітіндісін  (артық 
мөлшерде  қосуға  болмайды)  қоса  отырып,  натрий 
алюминаты ерітіндісін алыңдар. Алынған мөлдір ерітіндіге 
H
2
O
2
  ерітіндісін  тамшылатып  қосыңдар.  Al(OH)
3 
  тұнбаға 
түседі. Реакция теңдеуін сатылап жазыңдар.  
 
6.ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 
ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК 
 
6.1. Теориялық кіріспе 
 Гомогенді  реакцияның  жылдамдығы  деп  жүйенің 
көлем  бірлігіндегі  келісімді  уақыт  ішінде  реакцияға 
түсетін немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін 
айтады. 
Гетерогенді  реакцияның  жылдамдығы  деп  фазалық 
беттің аудан бірлігіндегі келісімді уақыт ішінде реакцияға 
түсетін немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін 
айтады.  
v (гомог) = 

 n/ (V

t)          v (гетер)  = 

 n/ (S

t)  

 
105 
мұндағы  v  -химиялық  реакцияның  жылдамдығы,  n  ‡  зат 
мөлшері, V ‡ ерітіндінің көлемі, t-уақыт, S-фазалық беттің 
ауданы. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін 
негізгі  факторлар:  әрекеттесуші  заттардың  табиғаты, 
температура, 
олардың 
концентрациясы, 
жүйеге 
катализатордың  қатысуы.  Реакция  жылдамдығының 
әрекеттесетін 
заттар 
концентрациясына 
тәуелділігі 
әрекеттесуші  массалар  заңымен  сипатталады:  тұрақты 
температурада 
химиялық  реакцияның  жылдамдығы 
әрекеттесуші 
заттардың 
концентрацияларының 
көбейтіндісіне тура пропорционал болады.  
Жалпы түрде  mA+nB=pC+qD қайтымды реакциясы 
үшін  әректтесуші  массалар  заңына  сәйкес  реакция 
жылдамдығының 
әрекеттесуші 
заттардың 
концентрациясына 
тәуелділігі 
мынандай 
теңдеумен 
өрнектелуі мүмкін:  
v  = k[A]
 а
 [B]
в
 мұндағы a және b ‡ A және B ‡ реагенттері 
бойынша  реакцияның  ретін  көрсететін  тұрақты  сандар. 
a+b=q  қосындысы  реакцияның  жалпы  реті  деп  аталады. 
Реагенттер  бойынша  реакцияның  ретін  көрсеткіштер  m 
және  n  ‡  стехиометриялық  коэффициенттерге  ешқашан 
тең  болмайтынын  ерекше  айта  кету  керек.  Егер  реакция 
теңдеуі  химиялық  әрекеттесудің  қарапайым  жолымен 
өткенде ғана сәйкестік  болуы мүмкін. Күрделі реакциялар 
үшін  реакция  ретінің  көрсеткіштері  тек  тәжірибе  жүзінде 
анықталады.  
Температураның  өсуімен  реакция  жылдамдығының 
артуын 
реакция 
жылдамдығының 
температуралық 
коэффицентімен  сипаттау  қабылданған.  Температуралық 
коэффициент  дегеніміз  ‡  жүйенің  температурасын  әрбір 
10  градусқа  көтергенде  реакция  жылдамдығы  қанша  есе 
артатындығын көрсететін сан. Кәдімгі температурада оның 
мәні көптеген реакциялар үшін 2-4 шегінде болады (Вант-
Гофф 
ережесі). 
Жылдамдық 
константасының 


 
106 
температураға  тәуелділігі  дәлірек  Аррениус  теңдеуімен 
өрнектеледі:  
lnk = B - A/T  немесе  2,303lgk = B -A/T 
мұндағы  А  және  В‡тұрақты  шамалар.  Химиялық 
реакциялар 
жылдамдығына 
температураның 
әсерін 
сипаттайтын  теориялар  ішінде  белсенді  қақтығысулар 
теориясы кеңінен таралған.    
Осы  теорияға  сәйкес  екі  бөлшек  бір-бірімен 
әрекеттесуі  үшін  олардың  соқтығысулары  қажет.  Бірақ 
әрбір  соқтығысқан  сайын  бөлшектер  әрекеттесе  бермейді. 
Әрекеттесетін 
бөлшектердің 
соқтығысқан 
кездегі 
энергиясы  олардың  электрон  қауыздарының  бірін  ‡  бірі 
тебу  күшінен  басым  болуы  қажет,  яғни  барлық 
соқтығысулардың бәрі емес, тек активті соқтығысулар ғана 
реакция  жүруіне  әкеп  соғады.  Активті  молекулалардың 
энергия  қоры  олар  түйіскен  жерде  әрекеттесе  алатындай 
дәрежеде  болады.  Химиялық реакцияның  жүруіне  қажетті 
бойында 
артық 
мөлшерде 
энергия 
қоры 
бар 
молекулаларды  активтелген  молекулалар  деп  атайды. 
Орташа энергия қоры бар молекуланы реакцияға қатынаса 
алатындай  актив  күйге  келтіру  үшін  жұмсалатын 
энергияны  активтендіру  энергиясы  деп  атайды.  (1) 
теңдеудегі  тұрақтылардың  мәнін  анықтай  отырып  мына 
теңдеуді алуға болады: k=Cе

а

, мұндағы k ‡ жылдамдық 
константасы,  C  ‡  пропорционалдық  коэффициенті,  E
а
  ‡ 
активтендіру  энергиясы,  T-температура.  Бұл  берілген 
температурада  жылдамдық  константасы  активтендіру 
энергиясымен  (Е
а
)  анықталатынын  көрсетінін  Аррениус 
теңдеуі. 
 Активтендіру  энергиясы  берілген  температурада 
әрекеттесетін  молекулалардағы  атомдардың  арасындағы 
ескі байланыстардың үзілуі үшін, реакцияның нәтижесінде 
алынған  заттар  атомдарының  арасында  жаңа  байланыстар 

 
107 
түзілу  үшін  қажетті.  Оның  мәнін  мына  формуламен 
өрнектеуге (Дж/моль) болады:  
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
a
k
/
k
lg
)
T
T
/(
T
T
14
,
19
k
/
k
lg
)
T
T
(
T
T
303
,
2
314
,
8
E







Формулада  логарифм  таңбасынан  кейін  процестің    екі 
температурадағы жылдамдық константаларының қатынасы 
берілген. Сондықтан константаларды сол температурадағы 
кез-келген  пропорционалды  немесе  сандық  мәндермен 
ауыстыруға болады. Бұл, мысалы, бөлінген газдың көлемі, 
жарық  сіңіру  коэффициенті,  ерітіндінің  тығыздығы,  оның 
тұтқырлығы  және  т.б.,  оның  ішінде  жылдамдықтың 
шартты константасы болуы да мүмкін.  
 
ғ 16 жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығының 
әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі 
 
(Оқытушының 
тапсырмасы 
бойынша 
студент 

тәжірибенің біреуін орындауы керек). 
Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер:  секундомер, 
5%  Na
2
S
2
O
3
  ерітіндісін  құю  үшін  нөмірленген  4  стакан 
немесе  сынауықтар,  2,5%  H
2
SO
4
  құю  үшін  нөмірленген  4 
стакан немесе сынауықтар, термометр, көлемді дәл өлшеу 
үшін  0,01  мл  бөліктері  бар  өлшеуір,  араластыру  үшін 
шыны  таяқша,  0,5%  Na
2
SO
3
,  0,5%  KJO
3
,  0,02%  KJ,  3% 
H
2
O
2
, 0,05% H
2
SO
4
 ерітінділері.  
1.  Натрий  тиосульфатының  күкірт  қышқылымен 
әрекеттесуі.  Бұл  реакция  сулы  ерітінде  ерімейтін  бос 
күкірт жүзгіндерін түзе жүреді.  
Na
2
S
2
O
3
 + H
2
SO
4
 ( S(+...(аяқтаңдар(  
Бос  күкірт  тұнбасының  пайда  болу  жылдамдығы 
әрекеттесуші 
заттардың 
концентрациясына 
және 
температурасына  тәуелді  болады.  Химиялық  реакция 
жылдамдығының  әрекеттесуші  заттар  концентрациясына 
тәуелділігін  зерттеу  кезінде  ерітіндінің  температурасы 
тұрақты болу керек. 

 
108 
Жұмыстың  орындалуы:  нөмірленген  бірдей  4 
стаканның  немесе  сынауықтың  әрқайсысына  2,5%  күкірт 
қышқыл  ерітіндісінен  5  мл-ден  құйыңдар  да,  басқа  4 
стаканға  мынадай ретпен ерітінділерді құйыңдар:  
біріншісіне-5 мл 5% Na
2
S
2
O

ерітіндісі + 15 мл су,  
екіншісіне-10 мл 5% Na
2
S
2
O

ерітіндісі + 10 мл су,  
үшіншісіне-15 мл 5% Na
2
S
2
O
3
 ерітіндісі + 5 мл су,  
төртіншісіне-тек 20 мл 5% Na
2
S
2
O
3
 ерітіндісі. 
Ерітіндінің көлемін өлшеуірмен тура өлшеп, оларды  
бір-біріне  тез  құю  керек  (натрий  тиосульфаты  ерітіндісін 
күкірт  қышқылы  ерітіндісіне  құйған  дұрыс).  Ерітінділерді 
бір-біріне  қосу  уақытынан  бастап  күкірт  жүзгіндерінің 
түзілу  уақытына  дейінгі  аралықты  секундомермен 
өлшеңдер. Күкірт жүзгіндерінің түзілу тығыздығы барлық 
тәжірибелерде  бірдей  болу  керек.  Тұнба  тығыздығының 
бірдейлігін ерітінді қабаты арқылы бақылап отырған белгі 
(мысалы,  стаканның  астына  немесе  жанына  шыныға 
жазатын  қарындашпен  белгі  салып  қоюға  болады) 
көрінбей  қалғанша  анықтауға  болады.  Байқаулардың 
нәтижелерін кестеге толтырыңдар (басқа тәжірибелер үшін 
де осындай кесте толтырылады).  
Барлық  тәжірибелерге  тапсырма:  ғ3  тәжірибеден  кейін 
қараңдар.    
Кесте 
Тәжіри
беғ 
Ерітінді көлемі, мл 
Шартты 
концентр
а- 
ция 
Na
2
S
2
O
3
 
Реак
циян
ың 
жүру 
уақы
-ты, 
t, сек 
Реакц
ияның 
шартт
ы 
жылда
мдығ
ы 
 
H
2
SO

а 
Na
2
S
2
O
3
б 
 
H
2

в 
С=б/(а+б 
+в) 
 
((1/t 

 
109 



15 
 
 
 


10 
10 
 
 
 


15 

 
 
 


20 

 
 
 
2. Күкірт қышқылды ортада калий иодатының натрий 
сульфитімен әрекеттесуі. Күкірт қышқылды ортада калий 
иодатының  натрий  сульфитімен  реакциясында  бос 
күйіндегі йод түзіледі және ол крахмалмен көк түс береді. 
Егер  тәжірибенің  температурасын  тұрақты  етіп  алса, онда 
ерітіндіде 
көк 
түстің 
пайда 
болу 
жылдамдығы 
әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелді.  
Натрий  сульфитінің  калий  йодатымен  тотығу 
процесі жалпы теңдеумен өрнектеледі:  
2KJO
3
+  5Na
2
SO
3
+  H
2
SO
4
(J
2
+5Na
2
SO
4
+K
2
SO
4
+H
2
O
 
(1( 
 Бұл реакция сатыланып жүреді: 
KJO
3
+ 3Na
2
SO
3
(KJ+3Na
2
SO
4
 
 
 
 
(2( 
немесе иондық түрде: JO
3
-
+ 3SO
3
2-
(J
-
+3SO
4
2- 
Натрий  сульфиті  толығымен  тотығып  болғаннан 
кейін  түзілген  калий  йодиды  реакцияға  түспеген  калий 
йодатымен әрекеттесе бастайды: 
KJO
3
+ 5KJ +3H
2
SO
4
(3J
2
+3K
2
SO
4
+3H
2
O    
(3( 
немесе иондық түрде: JO
3
-
+5J
-
+6H
+
(3J
2
+3H
2
O  
 
Бөлінетін  молекулалық  йод  ерітіндідегі  крахмалмен 
қосылыс түзеді  де,  ерітінді  көк  түске  боялады.  Көк  түстің 
пайда  болуы  бірінші  реакцияның  аяқталып  екінші 
реакцияның басталғанын көрсетеді. Na
2
SO

қатысында бос 
йод  түзілуі  мүмкін  бе?  Сульфиттің  иодатпен  тотығу 
реакциясы  баяу  жүретіндіктен  реакцияның  жүру  уақытын 
секундомермен  өлшеуге  болады,  реакцияның  басталуын 
натрий  сульфитін  калий  иодаты  ерітіндісіне  құйғаннан 
бастап, ал аяқталғанын көк түстің пайда болуымен есептеу 
керек.  

 
110 
Жұмыстың орындалуы: 
Нөмірленген  бірдей  4  стаканның  (немесе  сынауыққа) 
әрқайсысына  күкірт  қышқылымен  қышқылданған  0,5% 
Na
2
SO
3
  ерітіндісінен  10  мл-ден  құйыңдар  да,  оған  3-4 
тамшы крахмал ерітіндісін қосыңдар, ал басқа  4 стаканға 
мынандай ретпен ерітінділерді құйыңдар: 
біріншісіне ‡ 5 мл 0,5% KJO
3
 ерітіндісі + 15 мл H
2

екіншісіне ‡ 10 мл 0,5% KJO
3
 ерітіндісі + 10 мл H
2
O,  
үшіншісіне ‡ 15 мл 0,5% KJO
3
 ерітіндісі + 5 мл H
2

төртіншісіне - тек 20 мл 0,5% KJO
3
 ерітіндісі. 
Ерітінділердің  көлемін  өлшеуірмен  тура  өлшеп,  оларды 
бір-біріне  тез  құйыңдар  да,  (Na
2
SO
3
 
және  KJO
3
 
ерітінділерін)    әрбір  стаканда  ерітінділерді  бір-біріне 
қосқан уақытынан бастап көк түстің пайда болуына дейінгі 
уақытты  секундомермен  өлшеп  алыңдар.  Байқаулардың 
нәтижелерін Na
2
SO
3
 (a), KJO
3
 (б), H
2
O (в) деп алып кестеге 
жазыңдар:  
Кесте 
Тәжір
ибеғ 
Ерітінді көлемі, мл 
Шартты 
концентра
ция 
KJO
3
 
Реакц
ияның 
жүру 
уақыт
ы t, 
сек 
Реакц
ияның 
шартт
ы 
жылда
мдығ
ы 
 
Na
2
SO

а 
KJO

б 
H
2

в 
С=б/а+б 
+в) 
 
((1/t 



15 
 
 
 


10 
10 
 
 
 


15 

 
 
 


20 

 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет