Тапсырма: Тұншығу ұстамасы кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
23. Ер адам 65 жаста, тұрақсыз стенокардия және созылмалы обструктивты бронхитпен аурады, кенеттен тұншығу ұстамасы, ауа жеткіліксіздігі және төс артындағы қысатын ауру сезімі пайда болды. Объективті: өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, жайылған құрғақ сырылдар, жүрек тондары бәсең. АҚҚ -80/50 мм с.б. Нитроглицерин қабылдауы жағдайын жақсартпады.
Тапсырма:Миокард инфарктісі кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
24. Науқас 70 жаста,20 жылдан бері асқазанның ойық жара ауыруымен зардап шегеді. Бірнеше рет амбулаторлы және стационарда емделіп шыққан. Бір жыл бұрын асқазан-ішектен қан кетудің жеңіл дәрежесіне консевативті ем қабылдаған. Ауруханаға түскен кезде 5 сағ бұрын қою кофе түсті құсық, мелена және қысқа уақытқа есінен айырылу болған. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт. АҚ -70/40 мм.с.б.б . Пульсі -100 рет мин.