Жұмыстың орындалуы Динамометр мен шарды қандай биіктікке қоятынын, шарға әсер ететін серпімділік күші қандай болатынын оқытушыдан нұсқау алыңдар.
Стол бетінен бірдей биіктікте штативтерге динамометр мен шарға арналған табаншаны бекітіңдер, шарға байланған жіпті динамометрге байлаңыз.
Табаншаға шарды бекітіп, екінші штативті динамометрдің көрсетуі берілген мәнге жеткенше жылжытыңдар. Шарды табаншадан босатып және оның столға түсу жерін белгілеңдер. Тәжірибені 2 – 3 рет қайталаңдар және олардың ұшу қашықтығының орташа мәнін анықтаңдар.
Таразының көмегімен шардың массасын анықтаңдар және серпімділік күшінің әсерінен алынған шардың кинетикалық энергиясын есептеңдер.
Серпімділік күшінің мәнінде динамометр пружинасының өзгеруін өлшеп серпімділік күшінің А жұмысын есептеңдер.
Серпімділік күшінің жұмысының және кинетикалық энергисын өлшеуге анықталған мәндерінің қателіктер шекарасын бағалаңдар. Шардың кинетикалық энергиясымен серпімділік күшінің жұмысының алынған мәндерін салыстырыңдар, қорытынды жасаңдар.