Бекітемін Мектеп директоры: Д. Е. Самбетова


-желтоқсан-«Тұңғыш Президент» күніне арналған «Елін сүйген-Елбасы» атты апталықта



бет16/36
Дата06.02.2022
өлшемі140,29 Kb.
#79674
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы

1-желтоқсан-«Тұңғыш Президент» күніне арналған «Елін сүйген-Елбасы» атты апталықта «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында 1-8 сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларды еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен, жастық шағымен, қызмет жасаған жылдарына тоқталып, казіргі кезеңдегі жеткен жетістіктерімен таныстырып өтті. «1-желтоқсан-Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне» арналған 5-6 сыныптарында (сын.жет. Б.Жоканова,С.Өмірхан) өткен ашық тәрбие сағаттары жоғары деңгейде болды, оқушылар Елбасы туралы мәліметтерге нақты тоқталып өтті. Тәрбие сағатында кітапханашы Б.Жоканова «Елін сүйген-Елбасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып өткізді. 1-4 сынып оқушылары арасында «Мақтанышым-Елбасы» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. «Менің Президентім» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары шығарма жазып, ең үздік шығармалар көрмеге қойылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның ызғары-тәуелсіздіктің алауы» апталығында мерекелік «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты салтанатты жиын өткізіліп, соңынан мектеп оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды бағдарлама қойылды.1-8 сыныптарда «Желтоқсанның ызғары-тәуелсіздіктің алауы» тақырыбында сынып сағаттары, 5-8 сынып оқушылар арасында «Тәуелсізідігім тұғырлы» тақырыбында мәнерлеп оқу, 8-9 сынып оқушылар арасында «Қазақстаным менің» тақырыбында үздік шығарма, 5-8 сыныптар арасында қабырға газеттерінің байқауы өткізіліп, қорытындысы шығарылды. «Қазақтың рухын асқақтатқан елім менің» тақырыбында сурет көрмесі, «Тәуелсіздік-теңдігі жоқ байлығым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Жас Ұланға» қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.
1- Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай мектебімізде «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты суреттер көрмесін кітапханашы Б.Жоканова ұйымдастырды. «Достық біздің тірегіміз» атты 5-сыныбында ашық өнеге сағаты жетекшісі Б.Жоканова 2 сыныпта «Қазақстан халықтарының бірлік пен келісімі» атты ашық сабақ жетекшісі К.Баисбекова, «Бірлігіміз жарасқан – бақытты ел» атты ашық тәрбие сағаттары болды. Мақсаттары: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу болатын. Халықтар арасындағы достықты нығайту, кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейтін бақытты ел екенін айта отырып, оқушыларды достыққа, бірлікке, татулыққа шақырды. Оқушылардың айтқан әндері, билеген билері, ұлттық тағамдары, мерекені безендірілуі көрермендер көңілінен шықты.
7-Мамыр Қазақстан Қарулы Күштерінің, Отан қорғаушылардың туған күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекенің де өзіндік сыры бар дей отырып, 5 сынып оқушыларының «Қаһармандардың ерліктері» атты ашық тәрбие сағаты, жетекшісі Б.Жоканова және 8 Ә сынып оқушыларының әзірлеген «Ешқашан соғыс болмасын!» атты мерекелік тәрбие сағаттарын тамашаладық. Қазіргі уақытта біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған кешегі жеңіс солдаттарының немере, шөберелері екенін, оларда аталарындай жігерлі, әкелердей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болсада тойтарыс бере алатындарын айтты.
9- Мамыр Жеңіс күніне арналған «Ерлікке тағзым» атты дөңгелек үстелі жетекшісі С.Өмірхан , «Жас Ұлан, Жас Қыран» оқушыларының «Бейбіт өмір сыйлаған ұлы Жеңіс» атты мерекелік кешімізде оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру болатын.
Аудандық «Қауіпсіздік дөңгелек-2019» байқауында команда бойынша «Ең үздік агит бригада» номинациясымен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет