45
СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ
Жалпы сипаттама
Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы
визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдістердің бірі.
Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны жақсы.
Сыныпты жоспарлау
Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет.
Жұмыс алгоритмі
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға
пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды
үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып
қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді
немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін
пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: