Мінез - саналы әмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған. адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-әлпеті ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Коркем мінез - адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілік. ұят, намыс сияқты ерекше қасиеттерді атаған жөн.
Кез келген адамды
бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп. араласып кетпей тұрып-ақ, ол
кандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересін. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті аркылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде- ақ: «Әдемі киінуді ұнататын сәнқой екен», «Күлкісі қандай жасанды». - деп те жатамыз. Әйтеуір. адамның сыртқы келбеті не суйсіндіреді, не жагымсыз әсер калдырады, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.