Домалақ ананың қадір-қасисті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз- әнгіме көп.
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауыл, сан мын жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, 'Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен айелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана); «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі - құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз
отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-кұрық тимегей шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасақка теңдік бермепті. Осы
соғыса қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер куңіренте дүлей күшнен кісінепті. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң кетеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалак ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек.
Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы