Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
25 МАУСЫМ
СЕНБІ
2016 ЖЫЛ
№49 (7969)
АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ
Уақыттың жылдамдығын ешкім тежей ал-
майды. Зулаған екпіні күнді күнге, ай мен
айды қосып жатыр. Көз ілеспейді. Өткен
күнде белгі жоқ дейтіні, бәлкім осы шығар. Де-
сек те, әрбір күннің өз мерейі, өзіндік бағасы
бар. Айталық, аудан жаршысы – «Сыр ме-
диа» серіктестігіне қарасты «Жаңақорған ты-
нысы» газеті үшін оқырманның орны бөлек,
басылымның биігі де, сүйегі де оқырман. Қазір
елдің аудандық басылымға деген ықыласы
артты, бұл журналистер қызметінің де кәсіби
деңгейін көрсетсе керек. Санасы сергек, та-
нымы терең, рухы асқақ, таным-талғамы
жоғары жаңақорғандықтардың төл газетті
қолдауы бір биыл емес, жыл сайын дәлелдеп
келеді.
Енді 2016 жылдың екінші жартыжылдығына
басылымдарға жазылу науқанын бір са-
раптап өтсек, артық-кемі болмас. Алды-
мен, аудан әкімдігінің қолдауы ерекше.
Ал, аудандық білім беру және денсаулық
сақтау саласының мамандары «Жаңақорған
тынысының» белсенді оқырманы әрі авторла-
ры. Мәселен, Сәулебек Ысқақов басқаратын
сала жазылымды 588 данаға жеткізді. Ал,
өз межесін артығымен орындаған мектеп-
тер ішінде №110, №125, №163, №169,
№209 білім ордасы ерекшеленсе, №3, №51,
№52, №53, №55, №86, №89, №160, №167,
№168, №169, №184, №192, №194, №195,
№196, №208, №213, №229, №239, №240,
№242, №247, №256 және тәрбие орталығы,
Әлшекей және Бесарық өнер мектептері. Бұл
ретте ауданның бас ұстазы Болат Ибраги-
мов пен мектеп директорларының аудандық
басылымға қамқорлығы көпке үлгі. Аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тара-
пынан кітапхана, өнер ошақтарының газет-
ке жыл сайын белсенді атсалысып жатқанын
айтқан ләзім. Бұл орайда сала басшысы Аягөз
Нұржанқызының ықпалын қазақ қыздарына
тән қамқорлық, перзенттік парасат биігі деп
бағалаған жөн.
«Жаңақорған шипажайының» белесі
жоғары. Санаторияның әрбір қызметкері
«Жаңақорған тынысын» алып, оқиды. Мекеме
басшысы Бақытжан Абдуллаевтың азаматтық
белсенділігін айрықша атап өткім келеді.
Өткен газет нөмерінде ауылдық округ-
тер арасында Ақүйік, Жаңарық, Көктөбе,
Қожамберді, Қыраш және Төменарық ауылдық
округі берілген межені орындады деген едік.
Жазылу науқаны мәресіне жақындағанда
Түгіскен, Қожакент, Келінтөбе, Қаратөбе,
Екпінді, Қосүйеңкі, Сүттіқұдық ауылдық округі
де уәделі сатысына шықты. Осылайша төл
басылымға деген құрмет-қадірін таныта білді.
Жаңақорған
жаршысының
негізгі
тұтынушылары мемлекеттік және қоғамдық
ұйым өкілдері екенін айтпасқа болмас.
Әсіресе, құқық қорғау саласының маманда-
ры газетке жазылуда ерекше ықылас таны-
тып отыр. Мәселен, аудандық ішкі істер бөлімі
35 данаға жеткізді. Аудандық сот пен проку-
ратура, қорғаныс істері, төтенше жағдайлар
бөлімінің қызметкерлері де белсенді. Бұл
ретте рухани интеллекті жоғары Нұрлыбек
Қосанов, Мұрат Досмағанбетов, Саттар
Қарынбаевтың оң көзқарасы әсер еткені
айқын. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат,
экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы,
құрылыс, дене шынықтыру және спорт,
аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ту-
ризм бөлімі «Жаңақорған тынысының» жана-
шырлары. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авто-
мобиль жолдары, ветеринария, сәулет және
қала құрылысы, ауыл шаруашылығы бөлімі де
төл басылымның өркендеуіне тілектес.
Мәдениет үйі, қазынашылық, Халыққа
қызмет көрсету орталығы, «Халық» банкі,
Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі,
облыстық дарынды және қосымша білім беру
олимпиадалар орталығы, зейнетақы төлеу
орталығы да газеттің таралымының артуына
үлес қосты.
Сонымен, 5769 данаға жеттік. Газетке
жазылу әлі де жүріп жатыр. Аудан патрио-
ты уақытпен үндесіп, төл газеттен қол үзбеуі
тиіс. Біз сіздерге сендік, ал, сенім бар жер-
де серпін де, сергектік те, сапалы қызмет те
дами түседі. Лайым сөз бен іс бір болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |