Салыстырмалы көрсеткіштер - бұл науқастың өміріне кауіп төндірмейтін
аурулар, бірақ олар тек хирургиялық жолмен жазылады.
Салыстырмалы көрсеткіші бар жоспарлы операцияларды оптимальді
жағдайларды сақтап жасайды.
Салыстырмалы көрсеткіші бойынша операциялар екі топқа бөлінеді:
l) операция жолымен ғана жазылатын аурулар, бірақ олар науқастың
өміріне қауіп төндірмейді (аяқтың көк тамырларының варикозды кеңеюі,
катерсіз ісіктер және т.б.);
2) әрі хирургиялық, әрі консервативті жолмен емдеуге болатын аурулар
(асқынбаған он екі елі ішектің ойық-жарасы, жүректің ишемиялық ауруы).
Бұндай жағдайларда әрбір науқасты толық тексеруден өткізгеннен кейін,
емнің қандай түрін жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |