Билет № 49
1.Сүйек сынықтар кезеңдегі түтікті сүйек бөлшектердің орнына салу және бекіту тәсілдері.
Жалпы сүйектің сынған ұштарын дұрыс қалыпта ұстап бекітіп тұруды-фиксация деп атаймыз.Ол сынықтарды емдеудің 2-ші қадамы болып табылады.Оны 3 әдіс арқылы жүзеге асырамыз:
Гипс таңғышын салу
Қаңқалық тарту(созу)
Остеосинтез жасау
1.Сынықтарды гипс таңғышымен емдеу-металлоостеосинтез және қаңқалық тарту кезінде қолданылатын қосымша әдіс болып табылады.Гипс-бұл кальция сульфаты-яғни,өте ұсақ ұнтақ,сумен араластырғанда ботқа сияқты масса пайда болады және ол бірнеше минутта қатып қалады.Оны салу үшін,ең алдымен гипсті дәке орағыштарын дайындап,оған гипс ұнтағын сеуіп жағу арқылы жасаймыз.Гипсті қолданар алдында,оның жарамдылығын тексеріп алған жөн.Өйткені оны сақтау кезінде дымқылданып,жарамсыз болып қалуы мүмкін.Сондықтан да оны алдын-ала қыздырып,електен өткізіп алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |