БИЛЕТ№17
Қабылдаудың ерекшелігі, оның түйсіктен айырмашылығы.
Түйсік туралы негізгі түсінік.Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсіктің негізгі зандылықтары
Психологияда адамның түйсіне алу қабілеті сезгіштік деп атайды
Сезгіштік: Абсолюттік және айырма деп бөлінеді
Абсолюттік және айырма. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз- сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіндіре алуы. Айырма сезгіштік деп сезім
мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын атайды.
Сезім мүшелерінің сезніштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп
Бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылыс адаптация деп
аталады.
Сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылыды.
Синестезия тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік
Туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердін пайда болуына да
жағдай жасайды.
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғандығына қарамай,аз ғана уақыт болсада,
түйсіктің қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |