Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика- информатика Құрастырғандар: Маннапова Т. М., аға оқытушы, магистр



бет25/38
Дата07.02.2022
өлшемі462,51 Kb.
#94785
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
Силлабус Web тех 19-20 каз

WEB-қосымшалар құру технологиясы

Құрылу технологияларына байланысты сайттардың келесі типтерін атап өтуге болады:
1. Статистикалық HTML немесе XHTML парақтары бар статистикалық сайттар. Статистикалық web-парақтар - сервердің файлдық жүйесінде дайын түрде сақталынатын HTML тілінде құрылған стастистикалық файлдар (мәтін, кесте, суреттер және т.б.).
2. Web-парақтары қолданушының сұранысын орындау кезінде қалыптасатын динамикалық сайттар. Динамикалық сайттар екі түрлі болады:
- сервердің деректер қорында сақталынған мәліметтерден қалыптасатын web-парақтардан тұратын сайттар;
- клиент қосымшаларында (браузерде) қалыптасатын web-парақтардан тұратын сайттар;
3. Macromedia Flash ортасында құрастырылған интерактивті қосымшалар. Flash бағдарламаларының негізгі құралы векторлық графика (Web-ке арналған интерактивті векторлық анимациялар). Flash сайттарға интерактивтілік және динамикалық сипат береді.
4. Жоғарыда көрсетілген сайттарды құру технологиялары пайдалыналатын құрама сайттар.
Қолданушының web-парақ ресурстарымен әрекет етуіне байланысты, сайттарды пассивті және белсенді немесе интерактивті деп бөлуге болады. Пассивті сайт-бұл сайттарда қолданушы тек web- парақтардағы ақпаратты қарауға ғана мүмкіндігі бар. Интерактивті сайт – белсенді web-парақтары бар сайт. Интерактивті web-парақтармен жұмыс істегенде, қолданушы сервермен мәлімет алмасуға және интерактивті сұхбатқа қатысуға мүмкіндік алады.
Статистикалық сайттардың web-парақтарын құру үшін HTML (Hyper Text Markup Language) тілі және CSS (Cascading Style Sheets) стильдердің каскадты кестелері қолданады. Web-парақтың түрлі элементтерін безендіруге және форматтауға CSS қолданылады, нәтижесінде web-парақтың өлшемі кішірейеді.
Статистикалық сайттардың web-парақтарын құру еңбекті көп қажет ететін үрдіс. Пассивті web-парақтары бар статистикалық сайттар компьютердің файлдық жүйесінде HTML редакторлары арқылы қолмен істеледі де, одан кейін сайтқа жүктеледі.
Пассивті web-парақтары бар статистикалық сайттарды негізінде кішігірім тұрақты құрылымы бар сайттарды жасауда қолданады. Мұндай сайттарды жасау үшін түрлі құралдар бар: Блокнот мәтіндік редакторы, Microsoft Front Page, Macromedia Dreamweaver визуалды редакторлары және көптеген сайт құрастырушылары. Сайт құрастырушылары Интернет желісінің кейбір сайттарында орналасқан.
Статистикалық сайтты интерактивті етіп жасау үшін web-парақтарға клиент жағында орындалатын JavaScript және VBScript сценарий тілдерінде жазылған скрипттер орналастыруға болады. JavaScript және VBScript скрипттері қолданушы бір әрекет орындағанда немесе web-парақ жүктелгенде автоматты түрде орындалуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет