Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет50/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
Жануарлар патшалығы. Жануарлар патшалығының құра- мына тіршілігі және сыртқы пішіні алуан түрлі болып келетін тірі ағзалар жатады. Қазіргі таңда жануарлардың 2 миллионнан астам түрі белгілі. Олар Жер шарының барлық жерінде тіршілік етеді. Қазақстанның жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Елімізде омыртқалы жануарлардың 835 түрі кездеседі. Аңдардың 178, құстардың 500, бауырмен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердің 12, балықтың 104 түрі мекендейді.
Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы, өлшемі, өмір сүруі деңгейі бір-біріне ұқсамайды. Ғалымдар жануарлардың жаңа түрлерін ашумен бірге оларды жан-жақты зерттеп, іс-қимылына сәйкес аттарын қойып отырған. Алғашында оны ашқан зоологтың өз тілінде аталды. Кейінірек атауларды ретке келтіру және қандай жануар туралы айтылып отырғанын білу үшін, Карл Линней бірыңғай халықаралық тілмен атауды ұсынды.
Жануарлардың түрінен жануарлар патшалығына дейін. Жа- нуарларды жіктегенде (классификациялағанда), бірінші кезекте ағзалардың бір-біріне ұқсастығы ескерілді. Мысалы, қой туысына – жабайы қой (муфлон), арқар, қар қойы, Даль қойы жатқызылды.
Өз кезегінде тұқымдастар отрядқа, отряд класқа, класс типке, тип патшалыққа бірігеді. Мысалы, үстірт муфлоны – жұптұяқтылар отрядына, сүтқоректілер класына, хордалылар типіне, жануарлар патшалығына жатады.
Белгілі бір жануардың қандай топқа жататынын анықтау соншалықты қиын емес. Ол үшін оны қандай ерекшеліктері бо- йынша топқа бөлетінін білу керек. Жануарларды мекендейтін жеріне, қоректенуіне, класына, түріне және басқа факторлары бо- йынша ажыратады. Кез келген тірі ағза, өзінің өмір сүру ортасына бейімделген. Сонымен бірге өзіне тән қоректену, көбею, қозғалу және т.б. ерекшеліктері бар.
12.4 Жер бетіне географиялық таралуы және орналасуы туралы ғылым
Биогеография ағзалар мен бірлестіктердің Жер бетіне географиялық таралуы және орналасуы туралы ғылым. Биогеогра- фия зоогеография (жануарлар географиясы) және фитогеография (өсімдіктер географиясы) деп екіге бөлінеді (155-сурет).
Биогеографияда салыстырмалы-география және картография- лық әдіс маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық қасиетін және экологиясын білу керек. Флора, фауна, ареал (таралу аймағы). Түрлердің саны фауналық және флоралық көптүрлілігімен сипатталады (түрлердің байлығы). Түрлердің байлығы туыс, тұқымдастық және т.б. жіктелуімен де анықталады. Белгілі бір жердегі өсімдіктер түрлерінің жиынтығын флора дейміз.
Жануарлардың жиынтығын фауна деп атаймыз. Тропиктік ормандар Жер бетіндегі түрге ең бай табиғи бірлестікке жатады (156-сурет). Бұл жерде жыл бойы ауа-райы жылы және жауын-шашын мол түседі. Жануарлар мен өсімдіктердің көбеюіне өте қолайлы климаттық жағдай Биогеографияда «ареал» ұғымы кеңінен қолданылады.
Ареал – белгілі бір жануарлар мен өсімдік түрлерінің және бірлестігінің белгілі бір жерде таралу аймағы. Мысалы сексеуілдің таралу аймағы шөлейт және шөл жерлер, ал Шренк шыршасының ареалы Тянь-Шань тауының беткейлері Биогеографияда «ареал» ұғымы кеңінен қолданылады. Ареал – белгілі бір жануарлар мен өсімдік түрлерінің және бірлестігінің белгілі бір жерде таралу аймағы. Мысалы сексеуілдің таралу аймағы шөлейт және шөл жерлер, ал Шренк шыршасының ареалы Тянь-Шань тауының беткейлері.
Эндемиктер. Кейбір жануарлар мен өсімдіктердің таралу аймағы үлкен және саны жағынан көп болатын болса, кейбір жануарлар мен өсімдіктер өте сирек кездеседі. Ондай сирек кездесетіндерді – эндемиктер деп атайды.
Соңғы жылдары Жердің фаунасы мен флорасын зерттеуде және оны қорғауда географтар, биологтар және экологтардың ізденісін біріктіретін ғылым биогеография болғандықтан, осы ғылымға көп мән беруде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет